Қырғызстанның мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаев туралы артық кеткенін мойындады.
Оның мәлімдеуінше, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы бақылауды күшейту, кептеліске әкеліп соғып, Қырғызстанды Ресейден алыстату мақсатын көздеп отыр, қырғыз мемлекет басшысы бұған қазақстандық көшбасшының айналасындағыларды айыптады.
"Меніңше, президент Назарбаев бұл туралы білмейді де. Әлбетте, президент ретінде айналасындағыларға — қазақ олигархтары мен миллиардерлерге сенеді. Ал олар Қазақстан немесе Назарбаев туралы, болашақ жайында бас қатырмайды. Батыстағы банктерде шоттары бар", — деп атап өтті Атамбаев президент стипендиясын студенттерге ұсыну барысында. Оның сөздерін Sputnik Қырғызстан агенттігі дәйек ретінде келтіріп отыр.
"Бәлкім, президент Назарбаев туралы артық айтып, ағаттық жасаған шығармын, ол да мен сияқты сенгіш адам. Проблемалары бұдан да көп шығар. Дегенмен олигархтардың ойы басқа", — деп мәлімдеді Атамбаев.
"Бізде ЕАЭО бар ма, жоқ па?" – деп Атамбаев тағы да шекарадағы ахуал туралы айтып берді.
Оның пікірінше, олигархтардың мақсаты – АҚШ-қа жағыну.
Қырғызстан президенті Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі тегін емес деп санайды.
"Бұл Ресейден алшақтау. Қазақстандық әскерилер мен АҚШ теңіз жауынгерлерінің Ресей шекарасында бірлесіп жүргізген оқу жаттығулары. Соңғы жылдары Қазақстанның әрекеті ЕАЭО бұзуға бағытталғанын көріп отырмыз", —дейді ол.
Дереккөз: Sputnik Қырғызстан