Бірер сағат бұрын, Қытай Коммунистік Партиясының XIX кезекті құрылтайы сол жердің жергілікті уақыты 9:00 шамасында ашылды. Кезекті ҚКП-ның Ұлттық Конгресінің ашылуынан кейін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ши Жинпиң (Си Цзиньпин/Xi Jinping) алдағы бес жылда Қытайдағы маңызды саяси альянс пен билікке ие болады деп күтілуде.
Ши Жинпиңнің саясатының негізгі ұстанымдарын орнатқаннан кейін, екінші кезеңде ол партия басшылығын одан әрі нығайтады және ең жоғары басшылық қызметін жалғастырады. Ши Жинпиңнің алдынғы бес жылдық өкілетті мерзімінде Қытайдың экономикалық құлдырауы және сыртқы байланыстардың, әсіресе, Солтүстік Корея мәселесі секілді өңірлік шиеленістерге көбірек тап болғаны байқалады. Олай болса, осындай нәтижемен Ши Жинпиң билігін 2022 жылға дейін жалғастыра ала ма?
Бұдан бұрында бұл сұрақтардың жауабы қарастырылған еді. Яғни, бүгін басталған құрылтайда Шидің партиядағы тарихи орынын көтеру қолға алынуы мүмкін делінген. Бұл оны Қытай және ҚКП тарихындағы Мау Зыдоң (Мао Цзедун) мен Дың Шяупиң (Дэн Сяопин) қатарлы тұлғалармен теңестіруі мүмкін. Ал Мау Зыдоң мен Дың Шяупиң билігі өздері көз жұмғанға дейін жалғасқан.
Сарапшылар пікіріне қарайтын болсақ, Ши Жинпиңді басқа партиялардың көшбасшы ұстанымдарының негізі ретінде таңдаумен қатар, XIX құрылтайға қатысқан 2,280 делегат оның саяси теориясын партия Конституциясына жазады. Сонымен бірге армияны басқару құқығы кеңейтілетін болады. Осыдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл құрылтай Көршілес ҚХР-ға аз болмаған саяси өзгерістерді алып келуі мүмкін.
Дереккөз: qazaqtimes.com