Атырау, 27 қараша 02:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

МАЖ: абыр-сабырсыз және жалған мәліметсіз бола ма?

2 357 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет.

БМСК-ға (Бастапқы медициналық-санитарлық көмек, қарапайым тілмен айтқанда – емханалар мен амбулаториялар) электронды кезек енгізу басталды. Бұған Атырау облысының бюджетінен 120 млн теңге, тағы бір жобаға – медициналық ақпарат жүйесіне (МАЖ) 280 млн теңге бөлінді.

Дәрігерлер өз жұмыс компьютерлерінен интернет арқылы МАЖ-ға кіре алады. Мұның артықшылығы – пациентке медициналық көмек көрсетудің ашық болуы. Жүйені енгізу тұрғындардың денсаулығын онлайн-режимде бақылап қана қоймай, медициналық мекемеге мүлдем келмеген адамға ол ауырмаған сырқаттардың диагнозы қойылған жалған мәліметтерді жоюға мүмкіндік береді деп жобаланып отыр. Кейбір дәрігерлер көрсетілмеген қызметке ақша алу үшін қағаз жүзінде өз қызметтерінің санын көбейтіп көрсетіп, осындай қадамдарға барады.

- Цифрландыру, сондай-ақ, МӘМС-те (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) орын алып жатқан бірқатар процестерді іске қосады: медицина мекемелеріне онлайн-тіркелу, дәрігер таңдау, қызмет көрсеткен медицина мекемелерінің дербестендірілген онлайн-есебі және т.б., - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА.

Электронды кезектің енгізілуі емхана дәліздеріндегі осы кезекті азайтуға көмектеседі.  Әрине, жаңа жүйе кадрлардың тапшылық мәселесін шешпейді, бірақ онлайн режимінде әр маманның минут бойынша жұмыс жүктемесі: дәрігердің кімді және қашан қабылдағаны, қандай мамандардың анағұрлым сұранысқа ие екені көрініп тұрады. Ал ауыл дәрігері интернет арқылы пациенттерді орталық ауруханаға қаралуға жаза алады. Яғни, шалғай ауыл тұрғындары белгілі бір күні облыс орталығындағы қажетті дәрігерлердің қабылдауына кіре алатындығына кепілді болады. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 қыркүйек 2017, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.