Атырау, 23 қараша 23:08
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Годзилла... қорқынышты!

4 032 просмотра

– Жолбарыстың түйсігінде үйретуші – бағынуға тиісті үстем тұлға. Кейде адам мен осы жыртқыштың арасында эмоционалдық байланыс туындауы мүмкін, - дейді Атырауда «Мерей» базарында көрініс қойып жатқан мәскеулік шапито циркінің үйретушісі Артем КАРАКАТ ашулы қолтырауын отырған жәшікті ашып. Бауырымен жорғалаушы қатты жұлқынып қалғанда айқайлап жібердім, маған ол: «Настя, мен сені жеймін!» деп, суық көзін қадағандай болды.

ҚОЛТЫРАУЫН ҮЙРЕТУШІ

– ...Қолтырауын сабырлы немесе ашулы болады, - деп сөзін жалғастырды Артем ештеңе болмағандай. – Мына қолтырауынның айналадағы бейтаныс ортаға, кешіріңіз, сізге де ызасы келіп тұр.. Кеша біздің арамызға жаңадан қосылды. Қолтырауынның жеке кеңіс-тігіне кірген барлық жанға оның өткір аранына түсу қаупі төнеді. Сондықтан бұл қолтырауын, жалпы барлық бауырымен жорғалаушылар үйретуге көнбейді деп сеніммен айта аламын. Егер қаласаңыз, оны сипауыңызға болады...

Артем қолтырауындарға 14 жастан бастап үйір болады. Ол басынан өткен бір оқиғаның арқасында күллі әлемге мәшһүр болыпты. Мариуполдағы гастрольде Артемнің ең алғашқы «тәрбиеленушісі» Годзилла есімді Ніл қолтырауыны Азов теңізінің жағалауындағы фотосессияда суды сезініпті. Үйретушінің қолынан лып етіп шығып кеткен ол суға гүмп етеді. Қалада дүрбелең басталып, қашқынды (халық арасында оны еркелетіп Годзик деп атай бастаған) ұстауға тіпті жергілікті тұрғындар да кіріседі.

Ол тұзды суда тіршілік етіп, өз азығын тауып жеп, балық аулайтын торлар мен қақпандардан айналып өтуді үйренеді. Тек суық түскеннен кейін ғана ұзақ ұйқыға кеткен кезде оны қолға түсіріпті. Алайда металлургиялық комбинаттың жылу орталығы маңындағы ластанған су (ол соңғы уақытта сол жерде болған) оның денсаулығына қатты нұқсан келтіріп, ол өліп қалды. Кейінірек Мариуполда ақылдылығы мен төзімділігі үшін Годзиллаға ескерткіш орнатыпты. Ал Артем оны әлі күнге уайымдайды. Оның өзінің мойындауынша, бірде бір қолтырауын Годзик секілді оның жүрегіне жақын болмаған екен.

 

АРАНЫНА СКОТЧ ОРАЙДЫ

Қазір Артем екі қолтырауынды – бір метрлік Кеша мен екі метр болатын Фидельді тәрбиелеуде. Біріншісінің мінезі шатақ, кез-келген нәрсеге ызаланады, орайы келсе тістеп, жұлып қалуға тырысады. Фидель де, менің байқауымша, жуас көрінбеді, бірақ анағұрлым ұстамды екен. Жаратылысы енжар, ашуға беріле қоймайды, ал бір ашуланса... Егжей-тегжейді қоя тұралық. Артемның қолындағы шимайланған тыртықтарға қарағанда, ашуға булығып тұрған кезде қолтырауындар ешкімге аяушылық білдірмейді.

Фидельді шағын бассейннен жәшікке орналастырғанын көрдім. Бұл, әрине, қолтырауынға ұнамады. Оның осы кезде шығарған дыбысы қорқынышты еді: қатты ызалана, наразылықпен сүйектен өткендей сусылдап дыбыс шығарған наласынан төбе шашың тік тұрады.

Бауырымен жорғалаушыларға деген махаббат пен бауыр басушылық туралы сұрағанымда Артем таң қалды.

– Қолтырауындар қанден ит емес. Бізде тек іскерлік қарым-қатынас қана. Мен оларға күтім жасаймын: тамақ беремін, жуындырамын, нөмірлер дайындаймын... Оларды тәуелсіз-діктері үшін құрметтеймін, бұлардың әрқайсысы, тіпті кішкентай Кеша да жеке тұлға. Алайда салқынқанды қані-шерді жақсы көру... Бұл артық кеткендік. Оның үстіне, оларға қалай бауыр басасың? Олар үшін үйретуші жай ғана қорек қой.

Сондықтан, қауіпсіздік мақсатында қолтырауындардың аранын скотчпен орап тастайды екен. Әсіресе, қойылым кезінде міндетті түрде осылай жасау керек.

 

АУЗЫНА ТҮСУ МҮМКІН ЕМЕС

Трюк кезіндегі қолтырауынның атқаратын функциясы қандай? Ешқандай. «Қанды Ніл», «Қанішер қолтырауын» секілді түрлі фильмдермен үрейленген көрермендердің адамның епті қолына түскен қолтырауындарды көргенде үрейлері ұшады. Ал бауырымен жорғалаушыларды көрерменге жақын көрсетсе, олардың зәре-құтылары қашады. Артемның әңгімесіне қарағанда, кейбіреулері шыңғырып, бір-бірін басып кете жаздап, қаша жөнеледі екен. Дегенмен, бұл үрейлі нөмірден кейін қолтырауынмен фотосуретке түсуге кедергі болмайды екен.

–  Ал қолтырауынның аузына түскен қалай екен?

Үйретуші көзін бақырайтты:

– Тайлық шоуды көп көргенсіз-ау деймін? Басынан айрылғысы келмейтін бірде-бір адам қолтырауынның аранына басын тықпайды. Ол адамдар алдымен жануардың жақ бұлшық етінің бір бөлігін алып тастайды. Осындай операциядан кейін қолтырауын аранын жауып тастай алады, бірақ күші қатты болмайды, әрі кеткенде теріні жырып кетуі мүмкін.

Анастасия ПАСТУХОВА,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

5 сәуір 2012, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.