Атырау, 9 желтоқсан 02:45
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Трамп КХДР-ды "толықтай жойып жіберемін" деп қорқытты

1 693 рет қаралды


АҚШ лидері Дональд Трамп алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлей отырып, КХДР Америка Құрама Штаттарына қауіп төндіретін жағдайда оларды жоюға тура келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"АҚШ-тың шыдамы жетеді, АҚШ мықты ел. Бірақ бізге одақтас елдерді қорғау керек болса немесе өзімізді қорғау керек болса бізге Солтүстік Кореяны толықтай жоюға тура келеді. АҚШ КХДР-ды жоя алады және жойғысы келеді. Бірақ бұлай жасау керек болмайды деп үміттенеміз", - деді Трамп.

Басылымның мәліметінше, Дональд Трамп өз сөзінде Қытай мен Ресейге санкция енгізуде көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтты.  

Сондай-ақ, АҚШ президенті Иранға қатысты пікір білдірді. "Иран үкіметі өздерінің сыбайласқан диктатураларын жалған демократиямен жасырып отыр", - деді Трамп.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


20 қыркүйек 2017, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.