«АЖ» оқырмандары танымал кәсіпорындардың атмосфераға шығарындылар тастап жатқаны туралы айғақтар жолдауда.
«АМӨЗ, 13 қыркүйек 2017 жыл, 22 сағат 45 минут». Атырау тұрғыны өзі жолдаған суретке осылай деп жазыпты. Бұл суретте алау қондырғысынан қою түтін будақтап жатқаны көрініп тұр.
Бір айтарлығы, қазір экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВТЫҢ айтуынша, зауытта қала тұрғындарының шағымдары бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ