Атырау, 28 қараша 18:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мьянма мемлекет басшысы: Аракан мәселесін шешу үшін уақыт керек

2 828 просмотра

Фото: Фото: theoslotimes.com

Мьянма мемлекет басшысы Аун Сан Су Чжи (суретте) Аракан мәселесін шешу үшін уақыт керектігін айтты. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлап отыр.

Мьянма мемлекет басшысы Чжи журналистерге жасаған мәлімдемесінде билікке бір жарым жыл бұрын келген үкіметтің аракандық мұсылмандардың өмірін қорғау үшін өз әлінше жұмыс жасап жатқанын ескертті. Алайда құрылғанына небәрі  18 ай болған үкіметтен барлық нәрсені шешуді күту орынсыз болады деп ақталды. Су Чжи өздерінің осыған дейін БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан басшылығынан Араканға қатысты ақылдасу комиссиясының кеңестерін орындауды күткендерін тілге тиек етті. 

Сонымен бірге: «Мьянма үкіметі даму саласында қолымыздан келгенше жылдам қозғалуға тырысудамыз,  біздегі ең үлкен проблемалардың бірі – ресурстардың жетіспеушілігі» - деп атап көрсетті. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


8 қыркүйек 2017, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.