Атырау, 28 қараша 18:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

БҰҰ қоры Мьянма босқындарына 7 миллион доллар бөледі

1 712 просмотра


БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелер жөніндегі бас хатшы орынбасары Марк Лоукок Төтенше жағдайларға әрекет ету жөніндегі Орталық қордан (ЦФРЧС/CERF) Мьянма босқындарына көмек ретінде 7 миллион доллар бөлінгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. 

"CERF - адамдарға қайда және қашан болса да көмек көрсетудің жылдам түрі", - деп мәлімдеді Лоукок. Оның айтуынша, қор қосымша баспана мен азық-түлік береді, сондай-ақ, ауыр жағдайда жатқан адамдарға медициналық көмек көрсетеді. 

  Сонымен қатар, ол Мьянмадан қашып жатқандардың қауіпсіздігін сақтауды және гуманитарлық көмектің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге шақырды.  

Мьянма әскерилер мені қауіпсіздік күштері тамыздың соңынан бері Ракхайн штатында рохинджадан шыққан "ислам содырларына" қарсы операция жүргізіп жатыр. Операциялар рохинджа содырларының 25 тамызда бірнеше полиция бекеті мен армия казармаларына шабуыл жасағанынан кейін басталған. Кейін 400-ге жуық адамның қаза тапқаны хабарланды. Түрлі мәлімет бойынша, елден Бангладешке 146 мыңнан 300 мыңға дейін адам бас сауғалап қашқан.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


8 қыркүйек 2017, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.