Бұл біздің қаламыздың екі түрлі келбеті бейнеленген суреттер топтамасы – байырғы және қалаға жаңадан қоныс тепкен қала тұрғындары үшін керемет сыйлық. Анағұрлым өткен заман туралы айтпағанның өзінде, осыдан 10-20 жыл бұрын қаламыздың қандай болғанын ұмытып қалдық. Фотограф Михаил ХВАННЫҢ жобасы тарихқа айналған Гурьев пен қазіргі Атырауды еске алып, салыстыруға мүмкіндік береді.
Бұл суретті жұмбақ ретінде әбден жасыруға болады. Оң жақтағы үйдегі қызыл жарнама жазбалар түріндегі сөздерді табу қиын болған болар еді. Шамамен өткен ғасырдың 70-жылдарының басында түсірілген қара-ақ түсті кадр біздің қаламыздың үш мәдени ғимаратын бірден қамтып тұр. Алдыңғы жағында – сол жақта Ғылымдар үйі, ортасындағы – салынып жатқан «Ақ Жайық» қонақ үйі және бірден танылып тұрған нысан – қазіргі Азаттық және Абай көшелерінің қиылысындағы төрт қабатты тұрғын үй. Бұл жерде не жетіспей тұр? Шынында да «Юность» кинотеатры (айтпақшы, ол қазірде жоқ емес пе, мейрамханаға айналды) жоқ. Ескі суретте орталық айналма жолдағы бұрқақ және сол айналма жолдың өзі де жоқ.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА