Атырау, 4 маусым 02:46
 дождьВ Атырау +16.3
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Еуропалық Одақ КХДР-ға салынатын санкцияны күшейтпек

1 648 рет қаралды


ЕО билігі елдегі ядролық және зымыран бағдарламалары аясында жалғасып жатқан сынақтарға байланысты КХДР-ға салынатын санкция пакетін жетілдіріп жатыр.

Бұл жайлы ЕО-тың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерико Могерини мәлімдеді. «Бүгін мен министрлерден алдағы күндері КХДР-ына қарсы санкцияларды күшейту бойынша жұмыс істеуді сұраймын», – деді Федерико Могерини. 3 қыркүйек күні Пхеньян құрлықаралық баллистикалық зымыранға оқ ретінде пайдаланылатын жаңа сутек бомбасы сынамасының сәтті жүргізгенін хабарлады. КХДР-ының кезекті ядролық сынағы халықаралық қоғамдастықтың назарын бірден аударды. Осыған байланысты, АҚШ КХДР-ға қарсы санкциялық тәртіпті күшейтуді ұсынып, БҰҰ-ының тиісті қарар қабылдауын талап етті.

Дереккөз: Аikyn.kz 

7 қыркүйек 2017, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.