Атырау, 28 қараша 18:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Франция мұнай мен газдан бас тартатын алғашқы ел болуы мүмкін

2 562 просмотра

Фото: Reuters

Франция 2040 жылға таман мұнай мен газ өндірісінен бас тартатын әлемдегі алғашқы мемлекет болуы мүмкін. Мемлекет дизель және бензинмен жүретін автокөліктер саудасын да тоқтатуды да жөн көреді. 

Үкімет қарауына түскен заң жобасы бойынша, енді Франция ел аумағында жаңа кен орындарын ашуға лицензия беруді біртіндеп азайтуды жоспарлап отыр. 

Осылайша климат жөніндегі Париж келісімін орындау мақсатында Франция 2022 жылға таман көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясынан бас тартады, бұған қоса электр қуаты өндірісіндегі атом электр станцияларының үлесі 50 пайызға дейін азайтылмақ.

Дереккөз: qazaqtimes.com


7 қыркүйек 2017, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.