Атырау, 27 қараша 03:39
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Асхана қызметкерінен жұққан болуы керек

2 636 просмотра


- 6 қыркүйекте Қарабатанда тамақтан уланған 26 адам дәрігерлік көмекке жүгінді, олардың көпшілігі ем-домдарын алып кетіп қалған. Ауруханада 14 адам қалды, олардың денсаулығы орташа ауырлық жағдайда, тұрақты, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ, - деп хабарлады облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Мұрат ҚҰЛБАСОВ.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша барлық зардап шегушілер "ВестМоторсСервис" мердігер компаниясының жұмысшыларын тамақтандыратын «Құлсарыгаз» ЖШС асханасында уланған. 

"Зертханалық тексеру қорытындлысы бойынша ауруды қоздырушы - сальмонелла энтеритидис анықталды. Алдын-ала мәліметтер бойынша жұқпалы ауру көзі асхана қызметкері болуы мүмкін, өйткені, азық-түлік блогы қызметкерлерінің бірінің сальмонелла энтеритидис жұқтырғаны белгілі болды".

Асхана қызметі тоқтатылды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

6 қыркүйек 2017, 21:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.