Атырау, 27 қараша 03:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Перзентхананы «Болашақ» түлегі басқарады

3 356 просмотра
Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА. Сурет "АЖ" мұрағатынан.


Жыл басынан бері Атырау облысында 1 жасқа дейінгі 69 сәби және бір ана өлімі тіркелген. Бұл жаныңа қаяу түсіретін цифрлар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАМЕН Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

- Бүгінде сәби өлімін азайту және ана өлімін болдырмау мақсатында жоспар құрылды, оған денсаулық сақтау мекемелерінің бірінші  басшыларын аттестаттау, медициналық қызметкерлердің білімін тексеру, жағдайға күнделікті мониторинг жасау кіреді. Жүкті әйелдер мен кішкентай балалардың жағдайын қадағалау бойынша негізгі жұмыстарды қазіргі кезде патронажды мейірбикелер атқаруда, сол үшін оларға алғысымыз зор, - деді М.Аймұрзиева.

Жыл басында денсаулық сақтау саласына 144 медициналық қызметкер жетіспеді, сол кезден бері өңірімізге 103 маман келген. Алайда, әлі де акушер-гинекологтар, неонатологтар, анестезиологтар және басқалар жетіспейді. Аймұрзиева кадр тапшылығы әлі де сақталатынын болжап отыр. Келесі жылы тағы да 60 медқызметкер керек болады. Мамандарды тарту үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы тәуір әлеуметтік пакет, баспана мәселесін шешу барысында көмек, кәсіби әрі мансаптық өсу мүмкіндігін ұсынуды жоспарлап отыр.

Ал ең басты жаңалықты мен брифингтің соңында М.Аймұрзиеваның тілінен суырып алғандай болдым. Бірер күн бұрын облыстық перинаталдық орталық ұжымына жаңа директор – Ақтөбе облысының тумасы, 32 жастағы Қуаныш НЫСАНБАЕВТЫ таныстырған екен. Ол жаңа басшыға Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталағында жұмыс тәжірибесі бар және Оңтүстік Кореяда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келген, «осы саладағы білімді» маман ретінде сипаттама берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 қыркүйек 2017, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.