Атырау, 27 қараша 03:25
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түрме қызметкерлері шартты түрде сотталды

3 475 просмотра


Атырау қаласының №2 соты «лауазымды өкiлеттiктерін асыра пайдаланды» деген айып тағылған УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлері Е.А. мен Д.Ж.-ға қатысты үкім шығарды. 

Сотта анықталғандай, олар жазасын өтеуші М.Т.-ны таңғы дене шынықтыруды жасамағаны және бұйрықты орындамағаны үшін екі қолын артқа қайырып, ұрып, тебеді. Соққыдан дене жарақатын алған жәбірленуші олардың үстінен сотқа арыз түсіреді.

Сот отырысында сотталушылар өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінеді. Тиісінше, жәбірленуші М.Т. оларға ешқандай талап қоймайтынын және олардың өзінен кешірім сұрағандықтан бас бостандығынан айырмауын сұрайды.

№2 соттың баспасөз қызметі хабарлағанындай, сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, А.Е. капитан шенінен және құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан, сонымен қатар, 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ж.Д.-ны 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеп, оған да аға лейтенанты шені және құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

6 қыркүйек 2017, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.