Атырау, 17 мамыр 16:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Путин АҚШ-ты Украинаға қару бермеуді ескертті

2 198 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Украинаны кәдімгі соғыс қару-жарағымен қамтамасыз ету туралы шешімі "Донбастағы қақтығыстың шиеленісуіне түрткі болатынын" мәлімдеді.

Путин 5 қыркүйекте Қытайда өткен БРИКС елдері саммиті аясында журналистерге Вашингтон кімге қару сататынын, я беретінін өзі білетінін айтты. "Бірақ қақтығыс аймағына қару жөнелту татуластыруға септеспейді, жағдайды тек қиындатады" деді Путин.

Өткен айда АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Вашингтон Киевке Ресей қолдайтын сепаратистерден қорғануына көмектесу үшін қорғаныс мақсатындағы қару-жарақ жеткізу жағын "қатты ойластырып жатқанын" хабарлаған.

Путин қару-жарақ жеткізу Украина шығысындағы жағдайды мүлдем өзгертпейтінін, керісінше, құрбандар санын арттыратынын айтты. "Өзін-өзі жариялап алған республикаларда қару-жарақ, оның ішінде қарсыластарынан тартып алған қаруы жеткілікті" деді Путин Донецк мен Луганск облыстарындағы сепаратистер жариялаған "халық республиклаарын" меңзеп.

Дереккөз: Азаттық

6 қыркүйек 2017, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.