Мьянма билігі Бангладешпен шееараға мина қойып жатыр. Бұл босып кеткен рохинджа халқының қайтып оралмауы үшін істеліп отырған болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости сайты Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.
Бангладеш билігіндегі мәлімет көздерінің айтуынша, мина қою осымен үшінші күн жүріп жатыр. Жарылғыш заттар сым тартылған қоршаулар бойымен қойылып жатыр. "Біздің әскерилер жерге белгісіз зат көміп жүрген топты байқады. Кейін ақпарат берушілер оның жарылғыш заттар екенін растады", - дейді мәлімет беруші.
Бангладеш шекарашысы Манзурул Хассан Хан сейсенбіде Мьянма аумағында екі жарылыс болып, екі бала зардап шеккенін мәлімдеген. Бүгін Бангладеш шекара маңына мина қоюға ресми қарсылығын білдірмек.
Мьянманың Ракхайн штатында ел әскері рохинджа халқының өкілдерінен тұратын "содырларға" қарсы операция өткізіп жатыр. Мьянма билігі бұл халықты этникалық бенгалдар ретінде санайтындықтан азаматтық бермей келеді. Мұның алдында Мьянма билігі әскерилер мен содырлар қақтығысынан 400 адам мерт болғанын: оның шінде 370 содырдың көзі жойылып, мьянмалық 15 әскери қаза болғанын және "содырлар" 14 бейбіт тұрғынды өлтіргенін мәлімдеген еді.
Дереккөз: Тengrinews.kz