Атырау, 27 қараша 03:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қой саудасы қызып тұр

Сурет
10 617 просмотра


«Бірлік» мөлтекауданындағы базарда қой сатып алу ісім («Бұл мал базары емес!») сәтсіз аяқталғаннан кейін мен қала маңындағы Теңдік ауылындағы Атырау-Индер тас жолы жанында орналасқан шағын базарға бардым.



Мұнда азық-түліктер, оның ішінде ет, сүт өнімдері де сатылады. Кеше полиция қызметкерлері қуып жіберген қой сатушылар осы жерден пана тауыпты. Базар әлі ресми ашылмаса да, базар әкімшілігі қой сатуға рұқсат берген. Тек бір шартпен: базар ішіне емес, қақпасының алдында сатасың. Қой сатушылардың көпшілігі Қызылқоға ауданынан келген.



Аманғали:

- Кеше «Бірлікте» полиция қызметкерлері қуған соң бүгін таңертең Атырау-Индер тас жолының жиегінде сата бастағанда, бұл жерге де полиция келіп қуды. Енді міне, осы базарда тұрмын. Бір күнге 2000 теңге төлейміз.

- Мал дәрігерлері қойларыңызды тексерді ме?

- Жоқ, ана сары жігіт бір көзімен қойдың құжаттарың қарайды да 2000 тг салып алады. Бұл жерде бізге ешкім тиіспейді.

Бұл жерде Аманғалидан бөлек 10-нан астам көлік тұр. Тағы бір қой сатушы Сырымның айтуынша, бүгін  таңертең 46 қой әкелсе, қазір 4-ақ қойы қалыпты. Базарда қой сатып тұрғандар арасында ресейлік нөмірі бар жүк көліктерімен келгендері де кездесті.  

Қойдың бағалары 10 мыңнан басталып 50 мың теңгеге дейін ұласады. 10 мың теңгеге бір сатушының соңғы қойын, 15 мың теңгеге сырғасы жоқ арық қойды сатып ала аласыз. Қаладағы басқа да мал базарларында қой бағасы осындай.



Збира ҚОЯНБАЕВА, қала тұрғыны:

Ана жылы семіз қойды 20 мың теңгеге сатып алғанбыз. Ал бүгін сондай қойларға 30-35 мың сұрап тұр. Қазір бағасын 25 мың теңгеге түсіртіп көреміз.  

Тағы да базарларға келсек, тағы бір «заңсыз» мал базары Алғабас ауылына жақын маңда бой түзеген. Оннан астам мал тиелген көлік саудаларын қыздыруда. Бұл жерде де қой бағалары 15 мың теңгеден басталады.

Батыржан МАНСУРОВ, облыстық орталық мешітінің бас имамы:

-          Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрбандыққа жарамайтын мал жайында былай деп айтқан: «Соқырлығы анық белгілі соқыр, ауруы белгілі аурушаң, (жүре алмайтындай дәрежеде) ақсақтығы белгілі болған ақсақ және жілігі көрінетіндей өте арық малдар құрбандыққа жарамайды». 

Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып, қайрау – әдепсіз амал, қинамай сою – сүннет. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздап малды рахатына қауыштырсын».

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

2 қыркүйек 2017, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.