Атырау, 27 сәуір 03:04
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Бұл мал базары емес!»

Сурет
4 263 просмотра


Құрбан айт қарсаңында қой алмақшы болып, қала іргесіндегі «Бірлік» («Новостройка») мөлтекауданына жақындай бергенде, сол жерде жиналған қой сатушыларды қуып жатқан полиция өкілдерін көзім шалды. Осында таңнан бері жиналған 40-50 шақты қой сатушының көліктері әп-сәтте жоқ болды.



Сатушының бірі:

- Қой сату үшін таңда келіп тұрып алдым. Сонау Қызылқоғадан 10-ның үстінде қой әкелдім. Енді келіп полиция қызметкерлері кетуімізді талап етіп жатыр. Заңсыз дейді! Заңсыз болса осы қағаздарыма ауылдың мал дәрігерлері мөр қоя ма? Құжаттарымыз түгел! Былтыр осы жерге келіп қой саттық, ешкім қуған жоқ еді. Биыл кімге жақпай қалғанымызды білмеймін!



Полиция қызметкерлері бізге «жоғарыдан» бұйрық түскенін айтып, оларды таратуға бұйрық берілгенін айтты:

- Бұл жерде сауда жасау заңсыз. Арнайы мал базарларына барып сатсын. Қой сатуға болады деген рұқсат қағаздары болғанымен оны кез келген жерде сатуға рұқсат жоқ.

Кейін суретке түсіргеніміз үшін шүйлігіп, шаңдатып кете барды.

Кетіп бара жатып қой сатушылардың бірі мал базарына барғаннан гөрі алыстан келе сала Атырау-Индер трассасы маңында тұра қалып сауда жасаған ыңғайлы екенін айтып, енді басқа жерге барып тығылып сататынын айтып қалды.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

1 қыркүйек 2017, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.