Атырау, 27 қараша 05:22
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Кодексті қатаң сақтау керек

2 999 просмотра


Біздің аймақтағы мемлекеттік қызметкерлердің жалпы саны – 3500. Бұл цифрды брифингте мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан ТҰҢҒЫШБАЕВ мәлім етті.

Брифинг барысында мемлекеттік қызметкерлер түрлі салтанатты жиындарда өздерін қалай ұстауға тиісті деген сауал қойылды.

- Әлбетте, оларға жеке өмірлерінде ойын-сауық орындарына баруға  ешкім де тыйым сала алмайды. Мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық кодексінде өздерін қалай ұстауы керектігі анық жазылған. Мемлекеттік қызметке келген адам кез келген жерде өзінің қайда жұмыс жасайтынын естен шығармауы тиіс, - деп жауап берді  Тұңғышбаев.

Журналистер Астрахан базарында ұрлық жасағанын мойындаған Құрманғазы ауданы, Сафон селолық округінің әкімі Есенбек САТЫЛҒАНОВҚА қатысты шулы бейнежазба жөнінде сұрақ қойды. Бұл жағдай тәртіптік кеңесте қарала ма?

- Біз Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВТЕН бұл ақпаратты тексеруін сұрадық. Жауабын күтіп отырмыз.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Сурет автордікі

 

14 тамыз 2017, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.