Атырау, 26 қаңтар 03:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

​Алматылықтар күшті жер сілкінісін сезді

2 268 рет қаралды


Қытайда жер сілкінісінің салдарынан 12 адам қаза тапты Алматылықтар күшті жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше (EMSC), магнитудасы 6,3-ке тең жер сілкінісі Астана уақытымен 05.28-де Қытайдың солтүстік-батысында болған. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" Мемлекеттік Мекемесінің мәліметінше, зілзаланың эпиценті Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 485 шақырымда. Зілзаланың энергетикалық класы - 14.8, Магнитудасы - 6.8.  4 балл жерасты дүмпулерін алматылықтар, талдықорғандықтар және Жаркент тұрғындары сезінген. Қарағанды мен Өскеменде 2 балл. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта апаттан қандай да бір қиранды немесе зардап шеккендер жайлы мәлімет түспеген.

Дереккөз: tengrinews.kz

9 тамыз 2017, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.