Атырау, 31 желтоқсан 11:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 502.57
€ 591.68
₽ 6.42

​Назарбаев жаңа тағайындаулар жасады

2 704 рет қаралды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тағайындаулар жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы; Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген жарлық мәтінінде. Еске салайық, 2017 жылы 15 ақпанда Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияғы елшісі болып тағайындалған еді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

9 тамыз 2017, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.