Қытайда жер сілкінісінің салдарынан 12 адам қаза тапты, 175 адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың Орталық телеарнасына сілтеме жасап.
Осыған дейін 9 адамның қайтыс болғаны және 164 тұрғынның зардап шеккені туралы хабар түскен болатын. 28 адам ауыр халде жатыр. Іздеу-құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр, онда құтқарушылар мен дәрігерлерден бөлек, ҚХР-дың 1300 қарулы полиция қызметкері жұмылдырылған. Еске салайық, бүгін таңда алматылықтар күшті жер сілкінісін сезді. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше (EMSC), магнитудасы 6,5-ке тең жер сілкінісі Астана уақытымен 05.28-де Қытайдың (21.19-да) солтүстік-батысында болған. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" Мемлекеттік Мекемесінің мәліметінше, зілзаланың эпиценті Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 485 шақырымда. Зілзаланың энергетикалық класы - 14.8, Магнитудасы - 6.8. 4 балл жерасты дүмпулерін алматылықтар, талдықорғандықтар және Жаркент тұрғындары сезінген. Қарағанды мен Өскеменде 2 балл. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта апаттан қандай да бір қиранды немесе зардап шеккендер жайлы мәлімет түспеген.
Дереккөз: tengrinews.kz