Атырау, 27 қараша 05:26
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Доллар дағдарысы

2 400 просмотра


Біздің мұнай өңірінің тұрғындары ұлттық валюта бағамының тұрақсыздануына бақылау жасап отырады және қолдарындағы долларға тимегенді жөн көреді.

Бірінші жартыжылдықта Атырау облысының айырбастау нүктелері тұрғындардан 46,1 млн АҚШ долларын сатып алды, бұл 2016 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 43,8%-ға аз. Доллар сату болмашы ғана - 137,3 млн-нан 139,6 млн-ға дейін (1,7%-ға) өсті. Ресейлік рубльдің саудасы анағұрлым жақсы жүрді: халықтан 805,1 млн (27,6%-ға өскен) сатып алынып, 5 млрд 297,2 млн (56%-ға өскен) рубль сатылды.

- Біз әдеттегіше Ресеймен тығыз байланыстамыз. Адамдар ол жақта сауда жасап, туыстарына қонаққа барады. Ал қалған ресей рубльдерін  айырбастау пункттеріне сатады. Долларға қатысты басқаша жағдай, бұрынырақ сатып алынған долларды адамдар кері сатпауды жөн көреді, бірақ сатып алуға да асықпайды, - деп комментарий берді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық банктің Атырау филиалының директоры Айнұр КӨШЕРБАЕВА (суретте). Соңғы кездері доллар бағамының тұрақсыздануына қатысты орын алып жатқан жағдайға қатысты оның пікірінше, бұл жерде көп факторлар бар екен: мұнай бағасы, рубль бағамы, Ресейге қатысты санкциялар және т.б.

Тіпті қазіргі қаржылық қиын жағдайға қарамастан атыраулықтар қарызға зат сатып алудан бас тартар емес. Соңғы 6 ай ішінде облыстағы банктер 123,4 млрд теңге сомасында несие берген, бұл өткен жылдың қаңтар-маусымындағы кезеңнен 50 пайызға көп. Заңды тұлғаларға несие беру 19,3%-ға (50,7 млрд теңгеге дейін), жеке тұлғаларға – 80,6%-ға (72,7 млрд теңгеге дейін) көбейген. Адамдар несиелерді теңгемен алғанды жөн көреді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

9 тамыз 2017, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.