Сәтпаев-Молдағұлова көшелерінің қиылысындағы бағдаршам әлі күнге дейін іске қосылмады.
Естеріңізге салсақ, жергілікті тұрғындардан түскен шағымдар бойынша өткен жұмада редакция екі күннен бері (3 және 4 тамызда) көлік қозғалысы көп жолдың осы бөлігіндегі бағдаршамның екі күннен бері жұмыс істемей тұрғанына назар аударған болатын. Сол кезде Атырау облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ сол маңда ТШО кеңсесі орналасқандықтан электр энергиясының іркілістерінің орын алуы салдарынан орын алғанын түсіндірді. Бағдаршам қашан іске қосылады деген сұрақпен біз «Атырау Жарық» апат қызметіне де хабарласқан едік. Ондағылар 3-8 тамыз аралығында бұл учаскеде жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілгенін түсіндірді. Сейсенбі күні кешке бағдаршамды іске қосуға уәде берді.
Анастасия АЛЮШИНА