Атырау, 31 желтоқсан 11:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 502.57
€ 591.68
₽ 6.42

​Астана әуежайына Nursultan Nazarbayev жазуы орнатылды

2 071 рет қаралды


Астана әуежайының ғимаратына Nursultan Nazarbayev жазуы орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, мұндай жазу терминалға кірер басты жолда да орнатылуы тиіс.

Айта кетейік, 24 маусымда Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілетіні белгілі болған еді.  "1. Астана халықаралық әуежайы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" болып қайта аталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б. Сағынтаев", - делінген еді қаулыда. Ал кейінірек Мемлекет басшысы Астана әуежайының Нұрсұлтан Назарбаев аталуына қатысты пікір білдірген болатын. 

"Бұл менің бастамам емес. Мен бұған үнемі қарсы болатынмын. Халық маған баға беріп, осылай бағалап жатқан шығар.Олардың атқарылған жұмыстарды көріп отырғандары үшін алғыс айтамын. Кез келген саясаткер, кез келген елдің көшбасшысы тарихта өзінің атқарған жұмыстарымен есте сақталуы тиіс", - деген еді Назарбаев.

Дереккөз: tengrinews.kz 

8 тамыз 2017, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.