Атырау, 27 қараша 05:49
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Газ бағасы-3: Әкімдіктегі «митинг»

Сурет
3 498 просмотра

Табиғи газ тарифінің көтерілуі және оның ықтимал әлеуметтік салдары туралы мәселе Атырау әкімдігінде өткен кездесу кезінде талқыланды.

НАРАЗЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Бұған зейнеткер Минал КЕНЖЕКОВТІҢ өтініші себеп болды. Ол әкімдіктен газ бағасының көтерілуіне қарсы бейбіт митингке шығу үшін алаң бөлуді өтінген. Ақсақал өтінішті 31 шілдеде жазған, ал қалалық билік 2 тамызда азаматтық белсенділер тобымен шұғыл кездесу ұйымдастырды.  

Естеріңізге салсам, жақында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті «ҚазТрансГаз Аймақ» (ҚТГА) Атырау филиалының 1 тамыздан бастап түрлі тұтынушылар үшін тауар газының бағасын 50 пайызға көтеру туралы өтінімін қараған болатын.

Тұтыну тауарлары бағасының көтерілуіне жол бермеу мақсатында Комитет заңды тұлғалар үшін тарифті бұрынғыша (текшесіне 7,68 теңге) қалдырды. Отын-энергетикалық кешендер (ОЭК) үшін 7,64-тен 7,15 теңгеге (6%-ға) азайтты, бұл жылу жеткізетін түрлі меншік түріндегі қазандықтарға қатысты. Ал тұрғындар үшін тариф 11%-ға  - 6,4-тен 7,15 теңгеге дейін өсті (газ берушілер 9,61 теңге сұраған болатын).

Қазіргі кезде ҚТГА Атырау филиалының қызметін 110 мыңнан астам абоненттер – жеке тұлғалар пайдаланады.

Азаматтық белсенділер тобы өздерінің бұған наразы екендіктерін қоғамдық тыңдауда жеткізген болатын. Алайда бұл тыңдаулар әкімдікте өткен кездесу секілді – «заңды орындау үшін» өткізіліп жатқан пайдасыз әрі наразы тұтынушылардың ашуларын тарқатуға мүмкіндік беретін формальды шаралар еді. Қолданыстағы нормаларға сәйкес ҚТГА секілді монополистің қызметін энергетика министрлігі реттейді. Тыңдау (негізгі) Астанада өткізіледі, оған атыраулық тұтынушылар бара алмайды. Олар үшін өткен жылдан бері баламалы тыңдаулар өткізілуде. Бұл тыңдаулардың мәнсіз екені айдан анық: тыңдау өткізілген кезде, 20 шілдеде бүкіл визалар алынып болған еді. Жаңа тарифтің қолданысқа енуіне он күн қалғанда жұртшылықтың пікірін кім назарға алсын?!

Белсенділер мұны жақсы түсінеді деп ойлаймын. Митингке өтінім беру – өздерінің наразылықтарын білдіру ғана, бұл тек тарифтерге ғана қатысты емес.


АТЫРАУ ҮШІН АРЗАН ТАРИФ  

Атырау әкімінің орынбасарлары Мейірім ҚАЛАУИ мен Полымбет ХАСАНОВ, ҚТГА өкілдері, журналистер мен «жанжал шығарушылар»: бірнеше ақсақал мен орта жастағы екі ер адам қатысқан кездесу де солай болды.

Тариф шешілген іс болғандықтан тек «газ үшін» ғана әңгіме қозғалмады.

«Қазтрансгазаймақ» атыраулық тұтынушылар үшін елдегі ең төменгі тариф қолданылатынын тағы да еске салып өтті. Алайда бұл жомарттықтың орынды себебі бар – мұнда шикізаттың өзіндік құны төмен (компаниядағылар нақты цирфды атаудан бас тартты, бірақ оның басқа өңірлерден төмен екендігімен келіседі) және облыстық әкімдік қолдау көрсетеді. ҚТГА-ның 2016-2020 жылдардағы инвестициялық бағдарлама құны 4,9 млрд теңге, оның 2,6 миллиард теңгесін бюджет қаржыландырып отыр.

Минал Кенжеков ҚТГА неліктен өз активтерін жаңарту үшін пайданы пайдаланбайды деп сұрады. Олар ол жағдайда тарифтің екі есе жоғары болатындығын айтты.

Кездесу қатысушыларына «АЖ» сұрағы:

- ОЭК үшін тариф төмендетілді. Демек, Нұрсая мен Балықшыда тұратындар бұл жылыту маусымында аздау төлейді ғой?

- Жалпы, солай, - деп жауап берді табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Нұрлан ТАУБАЕВ.

Зейнеткер Құмар МҰСАҒАЛИЕВТЫ газдың жаңа тарифі тұтыну бағасының көтерілуіне әсер етпейді деп сендірді. Сондықтан да заңды тұлғалар үшін тарифті бұрынғыша қалдырған. Қария жауап ретінде өз өмірінен бір жағдайды мысалға келтірді:

- 90-жылдары анам сиыр сүтін сатып алу үшін саудагерге барады. Ал ол тағы да сүт бағасын көтеріп жіберген екен. «Неге көтердіңіз?» десе, әлгі: «Бензин қымбаттап кетті ғой!» деп жауап беріпті. Естеріңде болсын, бұл жолы да солай болады.

Белсенділердің жалпы көңіл-күйін Геолог тұрғыны Әсет ДАУЫЛБАЕВ білдірді:

- Мен Қашағанда да, Қарабатанда да вахтамен жұмыс істедім. Барлық жерде бірдей: 100 мың теңге береді де қош айтысады. Бірдеңе десең, «келісімшарт мерзімі бітті!» дейді. Қазір 80 мың теңге аламын. Ал менің отбасым, балаларым бар. Газ бағасы да 11 пайызға өскен сияқты. Ал сіздер осындай ақшаға отбасын асырап көрдіңіздер ме?! Халықтың да шыдамы таусылады, ойланыңыздар.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

5 тамыз 2017, 21:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.