Атырау, 26 сәуір 18:56
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Газ бағасы-2

3 154 просмотра


ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті (ТМРБжТҚҚК) газдың қымбаттауына байланысты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (ҚТГА) өтінімі бойынша қорытынды шығарды.  

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 30 маусымында ҚТГА бас кеңсесі монополияға қарсы комитеттегілерге тұтынушылар үшін тауар газының құнын қайта қарау туралы өтінім берген еді. Бұған ҚР ішкі нарығындағы шекті көтерме бағаның 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2018 жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде бір мың текше метр үшін 5 608-ден 6 249 теңгеге дейін көтерілуі себеп болған. 

1 тамызға дейін облыстағы газ бағасы: тұрғындар үшін - 6,4 теңге (осы жерде және әрі қарай бір текше), жылумен қамтушы ұйымдар үшін - 7,64 теңге және заңды тұлғалар үшін – 17,68 теңге болды. ҚТГА тарифті тұрғындар мен жылумен қамтушы ұйымдар үшін 9,61 теңгеге дейін, заңды тұлғалар үшін  27,41 теңгеге дейін көтеруді ұсынды.

31 шілдеде ҚР ТМРБжТҚҚК төрағасы Азамат МАЙТИЕВ монополистің өтініміне дәлелді қорытынды жолдады. Монополияға қарсы мекеме (газ тарату жүйелері бойынша газ тасымалдау тарифін қосқанда) бағаларды: тұрғындар үшін - 7,15 (өсім 11%), жылумен қамтушы ұйымдар үшін - 7,15 (6%-ға азаю), заңды тұлғалар үшін – 17,68 (сол деңгейде) теңге деңгейінде бекітті.

«АЖ» тілшісіне Комитеттегілер түсіндіргендей, газшілер бұл шешімді сотта дауласуға құқылы. Жаңа бағалардың қолданыс мерзімі – бір жыл: 2018 жылдың шілдесінен бастап ол қайта қаралатын болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 тамыз 2017, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.