Атырау, 25 қараша 22:51
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ескекшілерді есіркейтін уақыт жетті

4 264 просмотра

Спортшы, өзі белсенді және сұлу да сүйкімді қыз... Бұлайша мінездемені Қазақстан құрамасының мүшесі, ескек есуден бірнеше дүркін чемпион болған Әйгерім САРБАЛИНАҒА беруге болады.

-Әйгерім, өзіңнің спортқа қалай келгендігің туралы айтып берші?

-Ата-анам менің таңдауымды қолдаған болар еді. Анам мен бірінші сыныпқа барған кезде көз жұмды. Артынша әкем де өмірден озып кетті. Есімде, бала кезімде Жайық жағалауына қыдырған сәттерімде ескекпен есіп бара жатқандарды көріп қатты қызығатынмын. 2002 жылы жазда мен ескекшілер базасына бардым. Жағалауда атақты бапкер Олег Анатольевич ЗАКАБЛУЧНЫЙ тұрды және ол өз тәрбиеленушілерін қайықтарын суға түсіру үшін шақырып жатты. Бұл топта бірыңғай ұлдар болды.

- Спортта бала кезден бастау керек деген қағида бар ғой , ал, сен мектепті бітіріп қалған жоқсың ба?

- Жаттықтырушы маған 16 жас - өте кеш деді! Алайда, мен өзімді денсаулық тобына алуға көндірдім. Кейін ол менің тренажорлық залда қалай жаттығып, жүгіріп жүргенімді көріп, спорттық дамыту тобына енгізді. Бір жылдан кейін мен өз нәтижелерімді көрсете бастадым. Олег Анатольевич мені Ресейге ересектер арасында болатын жарыстарға апарып жүрді. Алғашқыда мен жеңіліп қалып жүрдім. Алайда, Ресейде жеңіліп қалу ұят бола қоймайтын, өйткені олардың дейгейлері өте жоғары болатын.

- 2004 жылы сен алғаш рет Қазақстан чемпионы болдың.  «Алтынға» қол жеткізу қаншалықты қиын болды?

- Ескек есу спорты команданың да жеңіске жетуін талап ететін спорт түрі. Ол үшін команда мүшелері түрлі арақашықтықтарда ұпай жинауға тиісті. Ұпайды алтыншы орыннан жоғары орын алғандар ғана жинайды. Чемпиондыққа дейін мен жүлделі орындарға  қашанда жақындап  жүретінмін және команда үшін ұпай жинайтынмын. Командалық есеп бойынша екінші, үшінші орындарды көп алып жүрдік, көптен бірінші орын алмадық. Әдетте жарыстарда көбіне Алматы мен Шымкент командалары жеңіске жететін. Атырау мектебінің жұмыс істегеніне жарты ғасыр болғанымен жарыстарда орын ала алмайтындығымыз өкінішті.  Қазақстанның оңтүстігінде жаттығу үшін қала сыртындағы су қоймаларына барады. Ал, біз қала орталығында тұрып, қарапайым талаптарға қол жеткізе алмай отырмыз.  

- Қазір ескек есушілерде қандай проблемалар бар?

- Қарапайым ғана. Қайық жоқ. Қайықтар соңғы рет осыдан 5-6 жыл бұрын ғана сатып алынған. Көптеген қайықтардың орындығы мен салмақтық басқару тетігі жоқ. Олар жаңадан үйренушілерге суда тепе-теңдіктерін ұстап үйренуге ғана жарамды. Алыс қашықтықтарға жүзуге бармайды. Мәселен, оралдық әріптестерімізде қазіргі заманға лайықты жиырма қайық бар. «Мұнайлы астанамен» «жарысу» қайдам дерсіз, дегенмен, олар соны сатып алуға қол жеткізіп отыр.

- Сіздерде ескек есу базасында ондай қазіргі заманға лайықты қайықтар  бар ма?

- Бізде ондай қайық екеу. Оның біреуі Николай БОГАЧКИНДЕ болса, екіншісі- екінші чемпион Роман ЩЕЛОКОВТІҢ еншісінде. Мен өзіме Ромадан мұрагерлікке қалған қайықпен жүземін. Дұрыс жүзуге жарамды қайықтар өте аз. Балалар кезекке таңертеңнен бастап тұрады

- Қайықтарды  облыстық спорт басқармасының сатып ала алатын мүмкіндіктері бар шығар?

- Ескекшілер базасында тіпті, жарық пен су жоқ. Ата-аналар өз баларының киімдерін қол шамдардың жарығымен ауыстырып киетіндерін көреді де келесі күні жаттығуға жібермей қалады. Әжетхана үшін бұталардың арасына барамыз. Өткен жылы біз үшін тренажерлік залдары, жуынатын, жаттықтырушылар бөлмелері бар жаңа ескекшілер  базасын салуды бастаған еді, алайда, оны аяқтауға асығатын емес. Егер базада жарық пен су, жылу болатын болса, онда балалар жыл бойына жаттығатын болар еді.

- Алдағы жылдағы жоспарларың қандай?

- Закаблучный жаттықтырушы болып тұрған кезде мен Волгоградта 10 шақырымдық марофонды жеңіп алған болатынмын. Содан бері ұзақ қашықтықтарға маманданып жүрмін. Бірақ, Қазақстанда 1000 метрден артық қашықтыққа жарыстар өткізілмейді. Осы жылы жазғы спартакиадада 5 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден жарыс жоспараланып отыр, сонда мен «алтынды» жеңіп алуды көздеп отырмын

- Сәттілік тілеймін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген  В. Истомин

 

P.S.Бізге ескекшілер базасында облыс құрамасының аға бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Максим БУЗБАНОВПЕН әңгімелесудің сәті түсті.   Оның айтуынша, Әйгерім Сарбалинаның Қазақстан құрамасының мүшесі болғандықтан барлық халықаралық стандарттарға сәйкесті жеке қайығы болуы тиіс. Спортшы қыз қазіргі заманғы қайықтардың жоғары жылдамдықтарына бейімделуі керек. Ескекшілер базасындағы қайықтар заманауи үлгідегі қайықтардан қалыс қалады.

20 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.