Атырау, 27 қараша 09:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Іргеқабат сатылып кеткен, иесі белгісіз

Сурет
2 704 просмотра

Алмагүл ықшам ауданындағы №5 үйдің тұрғындары үйдің іргеқабаты (цокольный этаж) суға толған, соның кесірінен қысы-жазы шыбын-шіркей мен масаға толған. Ал бос тұрған іргеқабаттар қаңғыбастар мен ішкіштердің мекеніне айналған.

- Суға толып бықсып тұрғаннан көрі, тұрғындарға тұрмыстық заттарын қоятын қойма үшін немесе кәсіпкерлік нысандар үшін бермей ме? - дейді үйдің тұрғындары.

Қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВТЫҢ біздің жолдаған сауалымызға орай «Алмагүл ықшам ауданындағы №5 үйдің іргеқабаты қалалық коммуналдық меншігіне жатпайды» деп хабарлады. Біздің түсінгеніміздей, кезінде бұл үйлерді салған мердігер мекеме үйдің іргеқабатын сатып жіберген. Алайда, оның иесін әкім орынбасары атап көрсетпеді. Оның хатында бірқатар бос тұрған іргеқабаттардың Атырау қаласының коммуналдық меншігіне жататыны айтылады. Оларды төмендегідей мақсатқа пайдалану жоспарланып отыр: Нұрсая ықшам ауданындағы №4, 7, Алмагүл ықшам ауданындағы №28, 30 және Аманшина 74 үйлердің іргеқабатындағы орынжайға «Атырау қаласының оқушылар орталығы» КМҚК-ні; Нұрсая ықшам ауданындағы №6 үйдің астыңғы іргелік қабатындағы орынжайға Атырау облысы дін істері басқармасының ақпараттық-талдау орталығын орналастыру; Нұрсая ықшам ауданындағы №17 үйдің астыңғы іргеқабатына №1 қалалық емхана филиалын ашу.


Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суретті түсірген автор

3 шілде 2017, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.