Атырау, 2 мамыр 09:30
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жоғалған қыз 5 күннен кейін өзеннен табылды+

5 257 просмотра


14 маусым күні қала шетіндегі Бесікті ауылында жоғалып кеткен 8 жасар қыздың денесі 19 маусымда сағат 12.45-те Алмалы ауылының маңындағы Жайықтың оң жақ жағалауынан табылды.

Сәбидің денесі іздеу жүргізілген жерден жағалауға ағыс бойымен 3 шақырымға төмен жерге келгені туралы тілшіге таныс құтқарушы әңгімелеген.

- Біз сол жерге барғанда қыздың денесіне жайма жауып тастаған, туыстары оны таныды, - деп хабарлады дереккөз.

Іздестіріліп жатқан қыздың мүрдесінің табылғанын облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Кейінірек редакция қылмысты Атырау облысының тұрғыны жасады деп күдіктеліп отырғаны туралы ІІД-нің ресми хабарламасын алды. Оған қатысты сот қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын алды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 маусым 2017, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.