Атырау, 6 қазан 13:48
 дождьВ Атырау +13.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Кеше қала маңында 8 жасар қыз бала жоғалып кетті

7 055 рет қаралды


ҚІІБ-нің бүкіл жеке құрамы мен құтқарушылар Атырау қаласының маңында жоғалған 8 жасар қызды іздестіруге жұмылдырылды.  

Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ хабарлауынша, қыздың анасы 14 маусым сағат 22.30-да Алмагүл ықшамауданында орналасқан №2 полиция бөліміне жүгінген. Оның айтуынша, таңертеңгі сағат 9-да қыз бала отбасы тұратын Бесікті ауылы мектебінің жанынан ұйымдастырылған лагерьге кеткен. Сағат 17.15-те лагерьден шыққан, бірақ үйіне оралмаған. Сәбиді іздестіруге Батыс жедел құтқару жасағының сүңгуірлері де жұмылдырылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 маусым 2017, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.