Атырау, 27 қараша 11:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ТШО: «Шығарынды қауіпті емес». Басқа жауап жоқ па?

Сурет
3 938 просмотра


31 мамырда «Теңізшевройл» компаниясының кеңсесінде 30 мамырда Теңіз кенішінде орын алған күкіртсутек шығарындысына қатысты кәсіпорын басшылығы мен бақылаушы органдар басшылығының қатысуымен брифинг өтті.

Сөз алған ТШО-ның өндіріс жөніндегі бас менеджері Имир БОННЕР брифинг қарсаңында таратылған компанияның ресми мәлімдемесініңмәтінін қайталады. Ал журналистердің сұрақтарына бірнеше рет: «Шығарынды қауіпті емес еді» деп қайталаумен болды.

ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Азамат ӘЛІМБАЕВ ТШО өндірістік кешеніндегі шығарынды фактісі бойынша Атырау облыстық экология департаменті қызметкерлерінің қатысуымен тексеру басталғанын хабарлады.


- Бізде қазір алдын ала мәліметтерді жариялауға мүмкіндік жоқ. Қалай болғанда да шығарынды көлемін анықтап, соған сәйкес экологиялық зиянды анықтау қажет. Егер қажет болса, тәуелсіз зерттеушілерді тартатын боламыз, - деді Әлімбаев.

Осынау өте қысқа брифинг аяқталғаннан кейін облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ журналистерге:

- Біз Боннер ханымның сөзімен келіспейміз. Газ қандай көлемде жағылса да, атмосфераға қандай көлемде шығарынды тасталса да, әрине, қоршаған ортаға едәуір зиян тигізілді. Оның үстіне, ТШО облысымыздағы қоршаған ортаны ірі ластаушылардың бірі болып табылды. Қандай газ және қандай көлемде жағылды, біз мұны тексеру қорытындылары бойынша хабарлаймыз. Заң бойынша тексеруге бір ай уақыт беріледі, - деп мәлімдеді.


Брифингтен тысқары кезде, менің көзімше облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан АРЫСТАНОВ Боннерге:

- «Шығарынды қауіпті  емес»... Бар айтарыңыз осы ма? Баспасөзден мұндай уәжбен құтыла алмайсыз. Облыс әкімі қатты наразы болады..., - деді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

1 маусым 2017, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.