Оқырмандар «АЖ»-ға табиғат пайдаланушылардың экологияны бұзып жатқаны туралы хабарламалар жолдауды жалғастыруда.
WhatsApp арқылы фотосуреттері бар хат келді: «Бүгін, 30 мамырда таңертеңгі сағат тоғызда Теңіздегі КТЛ зауытында орын алған келесі көріністерге куә болдық: зауыт алауларына газ тасталып, ал түтін шығатын тұрбалардан атмосфераға күкірт түтіні будақтап жатыр. Экологияға едәуір зиян тигізілді. Іргелес аумақтардың бірнеше гектары күкіртпен ластанды».
Редакция тексеру жүргізу өтінішімен Атырау облыстық экология департаментіне жүгінді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ