Атырау, 27 қараша 15:50
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ІІД Нұрсаяға көшеді

2 942 просмотра
Атышулы "ІІД үйі"

Биыл Нұрсаядан Атырау облысы Ішкі істер департаментінің жаңа ғимаратының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерей ЖАНТӨРЕЕВ хабарлады. Осы ықшамауданда өткен жылы наурызда тапсырылған атышулы «ІІД үйі» кешеннің бір бөлігіне айналмақ.

Бұдан басқа, биыл Атырау қаласынан (Астрахань трассасының бойындағы айналма жолдан шамамен бір шақырым жерде) арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Исатай ауданының Аққыстау ауылынан Халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысын бастау жоспарланған. Естеріңізге салсақ, арнайы ХҚКО көлік қожайындарына қолайлы болу  үшін құрылған. Мұнда көлік құралдарын тіркейді, тіркеу туралы куәлік мен мемлекеттік нөмір белгілерін береді, осы жерде жол қозғалысы ережесіне қатысты емтихан алынады және жүргізуші куәлігі беріледі. Арнайы ХҚКО елдің 11 өңірінде жұмыс жасайды. Олар әзірге Атырауда, Көкшетауда, Өскемен мен Оралда ғана жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 сәуір 2017, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.