Атырау, 27 қараша 16:45
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Санкт-Петербургте оқытып, аудандарға жібереді

1 993 просмотра


Сәуірдің басында облысқа нодулярлы дерматитке қарсы  250 мыңнан астам вакцина мөлшері түсті. Бүгінгі күні ірі мүйізді қараның басым бөлігіне екпе салынды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВТЫҢ айтуынша, ірі мүйізді қараға вакцина салуды сәуірдің аяғында толықтай аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінде 152 мың сиырдың 115 мыңына екпе егілді (жас төлге екпе екі рет салынады). Вакцина өткен жылғы Құрманғазы мен Исатай аудандарындағы және Атырау қаласының екі ауылдық округтеріндегі нодулярлы дерматит індетінен кейін республикалық бюджет есебінен сатып алынды.

Ветеринарлар жаңа індеттің алдын алу үшін ірі мүйізді қара қожайындарымен үнемі түсіндірме және профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырады.

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өз орынбасарлары мен аудан әкімдеріне жас ветеринар мамандар үшін жағдай жасауды, соның ішінде, жергілікті бюджет есебінен шетелде, мәселен, осы саладағы үздік жоғарғы оқу орындарының бірі болып есептелетін Санкт-Петербург мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясында оқу үшін бағдарлама әзірлеуді, ал жоғарғы оқу орынды аяқтаған соң жас ветеринар дәрігерлерді аудандарға жұмысқа бөліп, қызметтік баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 сәуір 2017, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.