Атырау, 8 мамыр 04:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Оны ұрып жықпады, спирттік ішімдік болған жоқ

3 103 просмотра


5 сәуірде www.azh.kz сайтында және «Ақ Жайық» газетінде «Өтеуовтің мас болып, қарауылдарды дүрліктіргені туралы» деп аталатын материал жарық көрді. Осы жарияланым бойынша төмендегіні хабарлаймыз.

Сотталушы Өтеуов Манарбек 21.11.2016 жылы тергеу абақтысы бастығының міндетін атқарушы Е.Молдабеков келгеннен кейін өзімен нашар қарым-қатынаста болған режим бөлімінің қызметкерлерін жеткізуді талап етіп, олардың сазайын тарттыру ниеті бар екенін айтқан. Алайда, Е.Молдабеков әлденеше рет талап еткеннен кейін сотталушы М.Өтеуов қолындағы арматураны мекеме қызметкеріне беріп, режимдік корпустан шығатын жаққа қарай Е.Молдабековтің соңынан ерген. Шығар кезде сотталушы Е.Молдабековті еш себепсіз бетінен ұрады (бірақ, газет материалында көрсетілгендей, оны ұрып жықпаған). Содан кейін Е.Молдабеков сотталушыға қатысты самбо әдісін қолданып, мекеме қызметкерлерінің қатысуымен арнайы құралдар (қолкісендер мен резіңке таяқ) қолданылған.

Факт бойынша облыстық ІІД-нің тергеу-жедел тобы шақырылды. Жауап алу кезінде сотталушы М.Өтеуов бұл әрекетті алкогольдік мас күйде жасағанын, спирттік ішімдікті өзіне мекеме бақылаушысының әкелгенін түсіндірді. Келесі күні сотталушы Е.Молдабековтен кешірім сұрап, өз әрекетін мас болып жасағанын айтады. 

Аталмыш факт бойынша облыстық ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы мен прокуратура М.Өтеуовке наркологиялық сараптама тағайындады. Нәтижесі бойынша оның спирттік ішімдік ішкені расталмады. Сонымен қатар, тексеру нәтижелері бойынша режимдік нысан аумағына спирттік ішімдіктерді кіргізу фактісі расталмады.

Атырау облыстық ҚАЖД мекемесінің бастығы М.А.Құрмашов


13 сәуір 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.