Атырау, 27 сәуір 02:20
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Өтеуовтің мас болып, қарауылдарды дүрліктіргені туралы

4 472 просмотра


4 сәуірде Атырау қалалық №2 сотында экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВКЕ қатысты екінші процесс басталды. Өткен жылдың мамырында Өзбекстан азаматын айуандықпен өлтіргені үшін оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген болатын. Әзірге Бас прокуратура оның қалалық ІІБ қызметкерлерінің қызмет бабын теріс пайдалануы жөніндегі хатына тергеу жүргізіп жатқандықтан, оны жергілікті тергеу абақтысында қалдырды.

Енді Өтеуовті ҚР ҚК-нің 428-бабының 1-тармағы («Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау») және 429-бабының 2-тармағында («Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне күш қолдану») қарастырылған қылмыстар бойынша соттауда.

Сот материалдарына сүйенсек, өткен жылдың 21 қарашасында (сол кезде «ІІБ-9» ісі бойынша соттың жүріп жатқанына бір апта болды) Өтеуов тергеу абақтысы қызметкерлерінің кезекшілік ауысымын пайдаланып, камерадан шығып кетіп, қарауылды темір арматурамен қорқытып, өзіне тергеу абақтысының бастығын шақыруды талап еткен.

Басшылық келгенше Өтеуов дәліздегі жарық беретін құралдарды, бақылау камерасын сындырып, ішкі вентиляция жүйесін істен шығарған. Содан кейін күзеттің салдыр-салақтығы салдарынан коллектор есігі ашық қалғандықтан, ол екінші қабатқа көтерілген. 



Сотта Манарбек Өтеуов таңсәріге дейін көп уақыт бұрын өз камерасының дәретханасында қаптамадан металл шыбықты сындырып алып, киімінің ішіне тығып алғанын әңгімеледі. Бүлікшімен келіссөз жүргізу үшін тергеу абақтысы бастығының орынбасары Ержан МОЛДАБЕКОВ келіп, заңға қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етеді. Бірақ, Өтеуов оны ұрып жығып, бірнеше рет бетінен ұрады. Содан соң бұрынғы полицейді зиян келтірмейтіндей етіп, карцерге қамап тастайды. Келесі күні оған соққы алған Молдабеков барады. Ол қазір іс бойынша негізгі куәгер ретінде өтуде. Сотта ол карцердегі әңгіме барысында Манарбектің өкініш білдіріп, мас болғасын ақымақтық жасағанын мойындағанын айтты. Судья Айгүл ТӘШЕНОВА тергеу абақтысына алкогольдің қайдан келгенін сұрады. Молдабеков арақ бөтелкесін Өтеуовке қазіргі уақытта УГ-157/1 мекемесінде жұмыс жасамайтын бақылаушының бергенін айтты. Ол адамның жұмыстан кету себебі белгісіз.


Тергеу абақтысы бастығының орынбасары Ержан МОЛДАБЕКОВ
Осы сөзден кейін адвокат Балжан ҚҰСПАНОВА сөз сұрады. Тергеу абақтысы бастығының орынбасарына қарап, екі фотосуретті көрсетті. Белгісіз біреулер оны өз қорғалушысы Өтеуовтің әке-шешесінің үйіне лақтырып кеткен екен. Ол тергеу абақтысындағы режимнің қаншалықты қатаң екенін және суреттегі адамдарды танисыз ба деп сұрады. Молдабеков суретке қарап, ешкімді танымайтынын айтты. Айтпақшы, түрме жағдайында күлімдеп түскен жас жігіттер Өтеуовтің әшкере хатындағы кейбір экс-полицейлерге (атап айтқанда, Нұржан ОРАЗҒАЛИЕВ пен Ильяс СТАМҒАЛИЕВҚА) қатты ұқсайды. Фотосуретті сотталушының өзі де көргісі келді. Содан соң ол мырс етіп, бұл адамдарды танитынын айтты.

5 сәуірде Манарбек Өтеуовтің іс жүргізу келісімін жасағаны белгілі болды. 11 сәуірде тергеу абақтысындағы оқиға бойынша қорытынды отырыс өтіп, үкім жарияланатын болады.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

6 сәуір 2017, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.