Атырау, 11 желтоқсан 05:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

«Прокурор» ісі: «Ашығын айтқанда, бұл – банда»

7 634 просмотра

Лейла СМАДЬЯРОВА.

Соңғы жылдары Қазақстанды шарпыған өзін өзі өртеу індеті анағұрлым сұмдық нәтижеге әкелді. Қоғамның... бұған еті үйреніп кетті. Бұл әрекет жан түршіктіргенімен, бұрынғыдай таң қалдырмайтын болды. Бірінен соң бірі қайталанған сұмдық жаңалықтардан асығыс аттап өтетін болдық. Өйткені, психикасы дұрыс адамның өзіне бензин құйып, өзін өртеу әрекеттеріне қатысты айтар уәжі жоқ. 

Бұл адамзат үшін ақылға сыймайтын әрекет. Тіпті, соғыс кезінде, кез-келген дұшпанның тұтқынына айналған кезде де, адам әр уақытта, қандай жолмен болса да өз өмірін сақтап қалуға тырысты. Бізде демократия, аспанымыз ашық, экономиканың ғажайыптары орын алып, Трамптың төбесі көкке жетіп жүр. Ал адамдар түрлі мемлекеттік қорған болатын ғимараттардың – «Нұр Отан» билік партиясының, соттардың, әсіресе, прокуратура кеңселерінің алдында сіріңке секілді өртеніп жатыр.

Алайда соңғы оқиға тағы да үлкен резонансқа ие болды. Өйткені, Атырау облысы прокурорының көмекшісі Лейла СМАДЬЯРОВА – осы жүйенің адамы және қазір өзін айыптап, соттап жатқан тұлғалармен бір жақты, мүдделес болған секілді еді. Бәлки, жүйелік ақауға ұшыраған мемлекеттік тұжырымдаманың деңгейі туралы Қазақстанның қарапайым тұрғыны: «Тіпті, прокурордың өзі әділдікті осындай жолмен іздейтін болса...» - дейтін шығар.

 

"БАТЫСТА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?!"

Смадьярованың бұрынғы жұмыс орнындағы әріптесі де шамамен осылайша тұжырымдайды:

- Есіңізде болсын: мен шынымен де оның бұрынғы әріптесімін, біз Алматы облысында бірге жұмыс істедік. Ол Қарасай ауданында, мен басқа ауданда, - дейді Ескелді аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының бұрынғы бөлім бастығы, отставкадағы әділет майоры Серік БАЙҒАРАШЕВ. – Ол инспектор болып келді, содан кейін аға инспектор, кейін бөлім бастығы болды. Өзін өзі өртеу жөніндегі осы жарияланымдар шыға бастағанда, оның қазіргі әріптестерінің бұл тұжырымдамаларына ызам келді. Олар одан дереу теріс айналып кетуге асықты. Олар барлық БАҚ-тарға «бұрынғы қызметкер» деп жазады. Ол бұрынғы емес! Ол тергеу басталған кезде шеттетілді. Содан кейін үйқамаққа алынды. Бірақ менің білуімше, ол әлі күнге дейін ресми түрде жұмыстан босатылған жоқ. Яғни, заңдылықтың сақталуын қадағалаушы орган жалтару үшін оның жұмыстан босатылғанын мәлімдейді. Олар бұл іске жұртшылық ден қоя бастағанда, істің ақ-қарасын анықтаудың орнына, өз қызметкерлерінен теріс айналды. Біздің прокуратура әлеуметтік тұрғыда жауапкершілігі төмендетілген қыз секілді аяғы қисық ат қайда сүйресе, солай қарай қозғала ма? Яғни, прокуратура өздерінде жұмыс жасайтын адамдарға сенбей ме және оңтайлы сәт туған кезде өз адамдарынан теріс айналуға әзір ме? Мен болған оқиға туралы бірден естімедім. Білгеннен кейін Лейлаға қоңырау шалдым. «Сендерде не болып жатыр? Мұндай болуы мүмкін емес, неге үндемейсің?» дедім. Ол: «Ұят, бірақ айыптау үкімі немесе ақтау шешімі шыққанша ештеңе айта алмаймын. Мен тергеу құпиясы туралы құжатқа қол қойдым, жария ете алмаймын» деді. Мен мұны қасақана жасалды, яғни, оны әуел бастан өзін қорғау мүмкіндігінен айырды деп есептеймін.

Содан кейін БАҚ-тардан оқып, қатты таң қалдым. Бүкіл айыптаулар ұзынқұлақ арқылы құрылған: бір әйел айтқан, ал екіншісі бас изеген. Яғни, тергеуге қойылғандар өздерінің тікелей міндеттерін орындай алмай отыр. Дәлелдей алмайды және тек Лейланы шеттетуге мүдделі болып отырған адамдардың сөздеріне ғана сүйенген. Бұл адамдар тобы, ашығын айтқанда, банда. Лейла олардың жолын кесіп өткен. Ол бұдан бұрын осы адамдарға қатысты проблемалар туралы айтқан еді. Мен оған жағдайды шиеленістірмеуге кеңес бердім. Ол: «Бәрі жақсы» деді. Сене алар емеспін, бізге қашан да: оңтүстіктегілер, Алматы, Шымкент сатылғыш келеді дейтін. Бірақ сіздерде батыста не болып жатыр?! Дәлелсіз, пара беру туралы еш жазбасыз, заттай айғақсыз, нақты фактілерсіз айыптауға болады екен. Сенбеймін. Бұлайша әр адамды айыпты қылуға болады.  Ол принципшіл, адал, тік мінезді және талапшыл жан. Кішкентай қыз секілді, бірақ жұмысты ұйымдастырып, жолға қоя білетін.

- Өзін өзі өртеу алдында не туралы айтты?

- Шаршадым деп шағымданды: «олар мені естімейді, бронь қойғандай. Ананы тыңдау керек, сол жерге сауал жасау керек деп айтсам, мені естімейді. Менің куәгерлерімді, тіпті, залға жібермейді, ал айыптау куәгерлеріне, тіпті, жауаптарды қалай айту керектігін ойларына салады» деді.


«ОНЫ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕДІ»

Смадьярованың бұрынғы басшысы да ештеңе түсіне алмай отыр:

- Мен оны он екі жылдан бері білемін, соның жеті жылын менің қарамағымда жүріп жұмыс жасады. Алматыда ешқашан  пара алған жоқ, ал Атырауда барып тұрған парақор болып шыға келді ме?! – деп таң қалды отставкадағы әділет полковнигі, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қ. және Алматы облысы бойынша басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Ирина ЯКУПОВА. – Осы оқиға туралы интернеттен білдім. Өзіме жақында ғана ота жасалды, әйтпесе, Лейланы қолдауға сіздерге барар едім. Оны жоғары білікті маман ретінде білемін, өте сауатты. Ол кәсібилігімен және өмірлік ұстанымымен ерекшеленетін. Ол заң жағында, жанжалқор емес, бірақ жиналыстарда әрдайым ашық әрі тіке айтатын.  

Менің айтпағым мынау: оның принципшілдігін, заңға бағынушылығын біле отырып, ол мұндай әрекетке бара алмас еді  деп ойлаймын. Ол отбасы құндылығын және қызының алдындағы аналық парызын жоғары қояды. Ол тұрмайтын нәрселерге бола мұндайға, яғни, өзін өртеуге бара алмас еді. Бұлайша адамдар заң жолымен шындыққа жете алмаға кезде барады, демек, онда бәрі дұрыс емес. Бір мекеме жүйесі қызметкерлерінің сөздері адамды сұмдық қылмысқа айыптау үшін  жеткілікті дәлелдік база болады деп есептемеймін. Оның жұмысының ерекшелігін ескере отырып айтарым, ол пенитенциарлық мекемелердің мамандандырылған прокуроры болды, ол осы мекемеге қатысты көптеген шешімдерді, ұсыныстарды шығарды. Оны тығырыққа тіреген соң, ол осындай менің ойымша, жантүршігерлік акті, яғни, өзін өзі өртеуге барды деген пікірмен келісемін. Мен тіпті не дерімді білмей отырмын, бұл іспен құзырлы органдар айналысар деген үміттемін. Мен Лейланы заңды түрде күресуге шақырамын.  

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

7 ақпан 2017, 01:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.