Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз» кедендік бекетінің сыртқы сауда айналымы 2011 жылдың желтоқсанында 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 53 пайызға көбейіп, 1,5 млрд доллардан астам құрады. Экспорт көлемі 79 пайызға өскен. Өткен жыл ішінде «Теңіз» кедендік бекетінен мемлекет бюджетіне 114 млн 963 мың теңге алынды.
Ел президентінің жарлығымен Теңіз жобасы бойынша әкелінетін тауарлар кедендік төлемдер мен салықтар төлеуден ішінара және толықтай босатылады.
Өткен жылы 80% тауарлар декларациясы кедендік төлемдер мен салықтардан толықтай босатылып рәсімделген.
Есепті мерзім ішінде кедендік бекет 7 әкімшілік іс қозғаған, оның 4-еуі сотқа жолданды. Бюджетке жалпы сомасы 272 мың 160 теңге айыппұл өндіріліп алынды.
Тамара СУХОМЛИНОВА