Атырау, 24 қараша 00:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Күйзелістен маман құтқарады

2 219 просмотра

Облыстық жүйке аурулары ауруханасының қызметкерлері психикалық ауытқушылығы бар жандар көмек сұрауды тоқтатқан деп дабыл қағып отыр.

  Психотерапевт-дәрігер Николай ВАКУРОВТЫҢ айтуынша, мұның бәрі қарапайым ғана күйзелістерден басталады. Мойындарындағы несиені өтей алмау, жұмыстағы және отбасындағы кикілжің, міне, осының бәрі мазалап, ақыр соңында адамдар «психтардың» ауруханасынан бір-ақ шығады. Дәрігерлер өз пациенттерінің жүйкесін ғана емес, оны маскүнемдіктен, шылым шегуден, артық салмақтан, белсіздіктен және басқа сырқаттардан емдейді.

-Күйзелістен маманның көмегімен оңай және тез құтылуға болады дегенге сенуге біздің қалалықтардың менталитеті жібермейді, - деп қынжылыс білдіреді Николай Вакуров. – Ал, психологпен арадағы ашық әңгіме немесе гипноздың бірнеше сеанстарын алу пациентке өз  басындағы проблемасынан құтылудың жолы бар екендігіне көзін ашады. Оның үстіне, біздегі барлық көрсетілетін қызметтер – тегін және құпиялылығы сақталады.

Дәрігерлер ауруханада жатқан және есепте тұрған пациенттердің нақты санын дәрігерлік құпия дегенге сілтеме жасап, айтудан бас тартып отыр. Облыстың ІІД-і хабарлағандай, тек қаңтар айының өзінде-ақ 6 адам өз өмірлерімен ерікті түрде қош айтысқан. Ал, 2011 жылы біздің аймақта мұндай 95 жағдай тіркелген. 

Анастасия ПАСТУХОВА

9 ақпан 2012, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.