Атырау, 10 желтоқсан 16:25
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Аяқ асты каникулға шықты

1 948 просмотра

Жылыой, Махамбет, Индер аудандарында боранның қатты үдеп, жолдардың бітеліп қалуына байланысты мектеп сыныптары уақытша жабылып қалды.
Мәселен, 2 ақпанда Индер ауданында5 мыңға жуық оқушысы бар 16 мектеп уақытша жұмысын тоқтатты. Мектептерден алған мәлімет бойынша жоғары сыныптағылар үшінші ақпаннан бастап оқуға кіріспекші, ал бастауыш сынып оқушылары алтыншы ақпанға дейін оқуға бармайды. Махамбет ауданы әкімі Өмірзақ ЗИНУЛИННІҢ айтуынша 2-4 ақпан аралығында  бастауыш мектеп оқушылары оқудан босатылған. Ал Жылыой ауданында 16 мың оқушысы бар 24 мектеп үш күнге уақытша жабылып отыр.
- Шығыстан соққан бұрқасын желдің жылдамдығы секундына 21 метрге жетті, бораннан аршылған жолдар бітеліп қалуда. Қар өте қалың түсті. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатымен мектептер жабылыпотыр,-деп мәлімдеді Жылыой ауданы білім бөлімінің бастығы Ізбасар ЕЛТЕЗЕРОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА
 

9 ақпан 2012, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.