Атырау, 24 қараша 00:52
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аудандар қар тұтқынында қалды

2 116 просмотра

Аудандар қар тұтқынында қалды

Мол жауған қар Атырау облысының тұрғындарына көп проблема туғызды.

Қалың қар күртігі ауылдан көліктердің шығуына мүмкіндік бермей отыр. Мақат ауданының Байшонас поселкесінде бірнеше күн бойына дүкендерге азық-түліктер жеткізілмеген.

Облыстық әкімдік жанындағы штаб жұмысына күн сайын қатысатын облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Нұртас МҰХТАРОВ жауған қардың салдарынан қандай да болмасын елді мекендердің сыртқы әлемнен толықтай оқшау қалғаны жөнінде қалалық және аудандық деңгейдегі әкімдердің бірде-біреуінің хабарламағанын айтады. Аудан әкімдері қар тазалайтын техникалармен көмектесу туралы өтініш білдірген, оларға техника бөлініпті.

Бұдан басқа, аудандарға облыстағы ірі кәсіпорындар - Махамбет ауданына «Бонет» және «Гате» компаниясы, Құрманғазы ауданына – «ҚазТрансОйл» ҰК, Мақат ауданына – «Ембімұнайгаз» ӨФ, Индер ауданына – «Одани» және «Теміржолқұрылыс» компаниялары бекітілген. Исатай мен Құрманғазы аудандарында өз техникалары жеткілікті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 ақпан 2012, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.