Атырау, 22 желтоқсан 07:14
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Болашақ діндарлар қазақ тілін оқиды

7 518 просмотра

Өткен жұманың ішінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр жуық арадан бастап православиялық храмдарда Құдайға сиыну екі тілде - шіркеу славяндық және әдеби қазақ тілінде жүргізілетінін айтты.

Оның айтуынша, «қазірдің өзінде Алматы рухани семинариясында болашақ діндарларды оқыту бағдарламасына міндетті түрде қазақ тілі кіреді және негізгі Құдайға жалбарыну мәтіндерін қазақ тіліне аудару жүзеге асырылады» екен.

Атырау қаласы Свято-Успен соборының басшысы ГЕОРГИЙ әкей  бұл жаңалықты құптайтындығын білдірді:

- Кеңселері, үйлерін, көлік-терін діни жоралғылармен тазарту үшін шақыратын қазақтар бар және олар біздің айтқандарымызды түсінбей оның аудармасын сұрап жатады. Сондықтан да бұл ұсыныс бәрінен бұрын оны қалайтындарға арналмақ.

Қазақстанның барлық православиялық шіркеулеріндегі сияқты атыраулық православиялық храмда да Құдайға жалбарыну қазір шіркеу славяндық және орыс тілдерінде жүргізіледі. Дін басыларының қашан және қалай қазақша сөйлейтіндерін әзірге ешкім білмейді.

- Менің ойымша бұл мәселеге орай митрополит іс-шараларын алып, бағдарлама жасайтын болар. Ал, жалпы менің барлық қазақ қауым мүшелерім орыс тілін таза біледі, - дейді Георгий әкей.

Ал, Атыраулық Рим-католиктік әкімшілігі дұға оқуды қазақ тіліне баяғыда-ақ аударып қойған және күнделікті оқып отырады.

- Біз негізгі дұғаларды қазақ тіліне аударып қойдық. Кітап шығарылды, алайда, әзірге толық өңделмеген қолжазба күйінде,-дейді приход басшысы Пиотр КЛЮЗА әкей. - Бірақ, әзірге оны қолданудың қажеттілігі жоқ. Өйткені, мұнда келетіндердің барлығы орысша сөйлейтіндер. Католик дінін қабылдаған бірнеше қазақтар бар. Олардың да барлығы орыс тілінде сөйлейді. Менің өзім де қазақ тілін үйренуге тырысып көрдім, бірақ, өкінішке қарай, әзірге еш нәтижесіз. Жыл сайын 2 айлық курстар Қарағанды Епархиясында өтіп тұрады, алайда, ол қызметті жүргізу үшін аздық етеді. Дін жоралғыларын қазақ тілінде жасау жөнінде өтініштер әзірге бола қойған жоқ, егер болып жатқан күндерде аударманың кө-мегіне жүгінуге тура келеді.

Ал, Атырау орталық ме-шітінің бас имамы Нұрбек қажы ЕСМАҒАМБЕТ болса былай дейді:

- Қазақтар сонау ерте ғасырлардан бері мұсылман болып келеді. Біз православиялық христиандармен достық қарым-қатынастамыз. Осы достықты сақтау үшін олар өздерінің уағыздарын өз православиялық діндарларына оқи берсін. Егер, қазақтар православиялық храмдарға жаппай ағылып жатса, онда бір жөн. Алайда, олай емес қой, - дейді имам.

Дегенмен де Қазақстан мұсылмандар Одағының төрағасы Мұрат ТЕЛІБЕКОВ қазақ тіліндегі православиялық құдайға жалбарыну исламға қарсы бағытталмаған деп түсіндіреді: «Мұсылман дінін ұстанушыларына да дұғаларын орыс тілінде де, ағылшын тілінде де оқуларына болады. Онда тұрған ештеңе жоқ».

Сәния ТОЙКЕН

1 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.