Атырау, 24 қараша 00:32
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қысқа қайырғанда

1 639 просмотра

Ақпанның 6-сында өзгертілген дизайндағы 5 мың теңге номиналындағы банкноттар жаппай айналысқа енгізілді. ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің бастығы Болат ЫСҚАҚОВТЫҢ айтуынша, 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін ел аумағында ескі және жаңа үлгідегі банкноттар қатар айналыста болады. Осы уақытқа дейін ескі купюралар барлық дүкендерде, мейрамханаларда, шаштараздарда және басқа сауда нүктелері мен қызмет кәсіпорындарында қабылдануы тиіс. 2014 жылдан бастап ескі купюраларды тек екінші деңгейлі банктер ғана қабылдайды.

 

Жаңа жылдан бастап «Арнаулы автобаза» КМК қоқыс шығару тарифін 20 теңгеге көтерді. Бұған дизель отынының литрі 67-ден  90 теңгеге дейін қымбаттауы негіз болды. Енді «Арнаулы автобаза» қызметі үшін абоненттер ай сайын 120 теңге төлеуі тиіс.

9 ақпан 2012, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.