Атырау, 23 қараша 23:01
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ауырып ем іздегенше...

3 947 просмотра

Соңғы жылдары Атырау облысында әйелдердегі сүт безінің қатерлі ісігі бірнеше есеге көбейген. Мамандар скринингтік тексеруден өту - сырқатты дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді дейді.

Жаңа сөз «елеу, сұрыптау» деген мағынаны білдіреді, ал медиктер оны «қорғау, тосқауыл» деген мағынада қолданады. Скрининг – белгілі бір жастағы және санаттағы пациенттердің, мәселен, жүкті әйелдердің профилактикалық медициналық тексерілуден өтуі, бұл ерте сатыда ауруларды анықтауға мүмкіндік береді. Салыстыру үшін: 2004 жылы Атырау облысында сүт безінің қатерлі ісігі 32 әйелде, ал өткен жылы  84 әйелде анықталған. Алайда ең маңыздысы - 60-80 пайыз жағдайда сырқат 1-ші және 2-ші сатысында, яғни, ерте анықталған.

- Сырқаттың қатерлілігі сол – ол мүлдем білінбеуі немесе әйелдер қандай да болмасын белгілерге мән бермеуі мүмкін. Егер бұл әйелдер тексеруден өтпесе, сырқат өте кеш, яғни, асқынып кеткен кезде ғана білінеді, - дейді онкологиялық диспансер емханасының меңгерушісі Құмаржан МҰРАТОВ. Оның айтуынша, сүт безінің онкологиясына әйелдерді скринингтік тексеру 2006 жылдан бастап жүргізіле бастаған. Бастапқыда олар 30-дан 60 жасқа дейінгі пациенттерді қамтыған. Алайда диагностика үшін ауқымды қамтудың қажеттілігі жоқ екендігін анализ жұмыстары көрсетіпті. Көбінесе сырқаттар репродуктивтік жастағы әйелдерде емес, бұл жастан жоғары 50-ден 60 жасқа дейінгі әйелдерде анықталып отырған. Маммологтың пікірінше, көп жағдайларда сырқатқа әйелдердің ағзаларындағы гормоналдық өзгерістер мен менопауза кезеңі себеп боп табылады.

Дегенмен, маммографиядан өту үшін, алтын тойды күту міндетті емес. Атырау облысында төрт маммограф жұмыс істейді – онкологиялық диспансерде, қалалық №1 емханада (қала тұрғындары үшін), Жылыой ауданында және Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат және басқа аудандардағы шалғай елді мекендерге қызмет көрсететін жылжымалы аппарат.

- Скринингтік тексеруден белгілі бір жастағы пациенттер: мәселен, қан айналу жүйесінің сырқатын (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) ерте анықтау үшін 18, 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы тұлғалар өтеді. Бұлардың барлығы учаскелік терапевтің есебіне қойылып, терапевт мақсаттық топқа қоңырау шалып хабарлайды, - дейді қалалық №1 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Бақытжамал ИМАНАЛИЕВА. – Пациенттер терапевтіге немесе бірден бастапқы тексеру өткізілетін дәрігерге дейінгі кабинетке барып, қандағы қант деңгейін жедел әдіспен айыртып, артериалдық және көз қысымын тексерте алады. Пациентке әрі қарай тексерілу қажет пе, белгілі бір маманның кеңесі керек пе, жоқ па – мұның бәрі алынған нәтижелер бойынша анықталатын болады. Қан айналысы жүйесінің сырқатынан басқа, қант диабетіне (скрининг 35, 40, 42, 44, 45, 50, 55, 60, 65 жастағы тұлғалар үшін жүргізіледі), глаукомаға (40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы пациенттер үшін), тоқ ішек пен аш ішектің ісікалды және ісік сырқаттарынан тексерілуге болады. Әйелдерге сүт безінің қатерлі ісігінен басқа, жатыр мойнының сырқатына диагноз жасатуға болады. Скрининг 30-дан 60 жасқа дейінгі пациенттерге арналған. 1 жасқа дейінгі, 1-ден 14 жасқа дейінгі және15-тен 18 жасқа дейінгі балалар да түрлі сырқаттар бойынша скринингтен өтеді.

Скрининг аясындағы барлық тексерулер тегін, бірақ пациенттер мұны пайдалануға асықпайды. Біздің адамдар еш жерім ауырмаса, демек менің денсаулығым жақсы деген принциппен өмір сүреді. Ал ауырған кезде әрбір анализ үшін ақша төлеуге тура келеді ғой...

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

2 ақпан 2012, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.