Атырау, 25 қараша 01:10
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балық та, оны қорғаушылар да қысқаруда

3 566 просмотра

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында (балық қорғау) еңбек заңдылықтарының бұзылуы анықталды.

Бұл іселбасының «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын органдардың штаттық санын оңтайландыру шаралары туралы» Жарлығын жүзеге асыру барысындағы өткен жылғы «президенттік» штаттарды қысқартуға байланысты болды. Редакцияға балық қорғау инспекциясының бұрынғы  инспекторы В. МИРОНОВ хабарласқан болатын. Оның жұмыстан шығарылуы заңсыз болғандығына қарамастан, жұмысқа қайта қабылдануы оңай шаруа болмай отыр.

«Қазан айының басында инспекцияның барлық қызметкерлерін алдағы болатын қысқарту туралы хабардар етті. Хабарлама берілген мерзімнен  бір ай өткен соң  штаттардың қысқартылуы туралы бұйрықтар оқылды. Инспекция бойынша қысқартылған қызметкерлердің атын атап, түсін түстеп жариялады,-деп әңгімелейді ол. –Менің есімім тізімде болмады. Алайда, бір айдан соң маған күтпеген жерден кадрлар бөлімінен қоңырау шалып, менің де жұмыстан шығарылғандығымды хабарлады. Артынша қысқартудың екінші легіне іліккен жалғыз мен емес екендігім белгілі болды».

Инспектор облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне арызданды. Департамент тексеру жүргізіп, төмендегідей заң бұзушылықтарды анықтады. Мемлекеттік еңбек инспекторының актісінде көрсетілгендей, бассейндік басқармадан барлығы 255 адамның ішінен 51 қызметкерді қысқартқан (15%). Екінші түсініксіз жағдайда болған қысқартудың қармағына төрт инспектор іліккен. Алайда, адамдар жұмыстан шығарылғанымен, штат саны қысқартылмаған. Оның үстіне оларды болатын қысқартулар жөнінде бір ай бұрын хабардар етпеген (Еңбек кодексінің 56-бабының 1-бөлімі).

Одан әрі 15 пайыздық қысқарту барысында балық қорларын қорғау бөлімі таратылған (соған қарағанда қорғайтын ештеңе қалмағанға ұқсайды), ал, осы бөлімнің бастығы Марат ЕРБӨЛЕКОВ қысқартуға немесе басқа лауазымға ауысуға тиіс болатын. Міне, ол 27.10.2010 жылы шыққан бұйрық бойынша Мироновтың орынынан бір-ақ шыққан. Ал, Мироновты 26.11.2010 жылы сол кезде инспекцияда басқа да  бос лауазымды орындардың болғандығына қарамастан қысқартуға бұйрық шығарған. Актіде аталғандай, мемлекеттік қызметкердің жұмыстан шығу себебі нақты көрсетілмеген. Басқа да заң бұзушылықтар анықталған.

Балық қорғау инспекциясының бастығы Амантай АЙЖІГІТОВКЕ«заң бұзушылықтарды жою жөніндегі» ұйғарым берілгендігіне қарамастан, еңбек департаменті Мироновқа жазбаша түрде жұмысқа қайта қабылдану мәселесін сот арқылы шешуге кеңес берген (?). Мұндай жауапты оған облыстық тәртіптік кеңес те берген.

Айтпақшы,  Жарлық бойынша барлық қысқартылған қызметкерлерге ақшалай өтемақы төленген. Ал, соңғы жағдайда ол негізсіз болып шыққан. Бұдан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар белгілерін, атап айтқанда, бюджет қаржысын талан-таражға салынғандығын мәлімдеп Миронов қаржы полициясына шағымданды. Ондағылар оның бұл шағымын «келтірілген дәлелдер азаматтық-құқықтық дауға жататындықтан, қаржы полициясы органының құзырына кірмейді» деп есептеді.

Міне, жылы орынға күрес «браконьерлікпен күрес» органдарында да орын алды. Сіздердің тілшілеріңіз А.Айжігітовтен комментарий алуға тырысып көргенімен, ол еңбек демалысында болып шықты. Ал, оның міндетін атқарушы М.Ербөлеков өз бастығына сілтеп, түсінік беруден бас тартты.  

Лев ГУЗИКОВ

19 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.