Атырау, 31 қазан 12:53
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Алдымен цифрларды анықтап алған жөн

1 646 просмотра

Облыстық мәслихаттың сессиясында 2011-2014 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту  бағдарламасы депутаттар назарына ұсынылды. 

Бесжылдыққа арналған басты жоспар бойынша баяндама оқылған жоқ, сессияға төрағалық етуші бұл мәселенің сессия алдында тұрақты комиссия отырысында талқыланғандығына сілтеме жасады. Соның нәтижесінде кейібір депутаттар оның не екендігін білместен бағдарлама құжаты үшін дауыс берді.

Агроөнеркәсіптік бағдарламаны жүзеге асыру үшін үкімет бірнеше миллиардтаған теңге бөліп отыр және ол барлық атыраулықтарды асырауға тиісті. Бұған қатысты бірнеше сауалдар да бар. Облыстық ауылшаруашылық басқармасында оларға жауап беруден бас тартып отыр.

Бастапқы кезеңде - 2011 жылы жер ресурстарын тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру және жер ресурстарын қорғау жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылатын болады. Олардың әрқайсысына 5 млн. теңгеден бөлініп отыр. Ауылшаруашылық егістіктерін тізімге алу үшін 9,6 млн. теңге, елді мекенді жерлер үшін 40,7 млн. теңге бөлінді. Келесі кезеңде, яғни, 2012 жылы облыстың елді-мекенді қосындарының шекаралары белгіленіп, карталары жасалатын болады, сондай-ақ, селолық округтар шекаралары белгіленеді. Бұл шаралар үшін тиісінше 83,4 және 46,9 млн. теңге бөлінбекші.

Бұл жерде геодезисттерді үлкен проблемалар тосып тұр. Өңдеуге жарамды көптеген жерлер әркімнің қолында кеткен, өзен жағалауларындағы егістік жерлердің бөлігі учаскелерге бөлініп, коттедж салушыларға сатылған. Мұны бағдарламаға жалғанған облыстық жер комитетінің анықтамасы растайды: Атырау қаласында  1752 мың гектар жер, оның ішінде іс жүзінде 1479,4 гектар жер ғана қолданылуда, демек, 84%. Индер және Құрманғазы аудандарында осыған ұқсас жағдай орын алған: тиісінше 993 және 1310 мың гектар жер, ал, қолданыстағы жер үлесі - 61,6% және 62,1%. Ауылшаруашылығы жағдайының ақсап жатқандығымен салыстырғанда қолданылып отырған жер пайызының жоғары екендігімен келіспеске болмайды.

Бағдарлама бұрынғы суару каналдарының сызбасын қайта жасақтауға қомақты қаржы жұмсауды қарастырып отыр. Тереңдету жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 2 млрд. 427,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 269,7 млн. теңге бөлінетін болады. Насос стансалары мен гидроқондырғаларын жөндеу мен сатып алуға - 242,2 млн. теңге бөлінбек. Бұл кезеңді 2011-2012 жылдары аяқтауды жоспарлап отыр.  Соңғы жылдары су деңгейінің азаюына байланысты су насостарын Жайық өзенінің терең деген сағаларына орнатуға тура келетін шығар.

Бағдарлама тұқым салатын алаңдардың арттырылуын қарастырады: картоп - 940,4 гектардан 3896 гектарға дейін, орамжапырақ үшін -  200-ден 2560 гектарға дейін, пияз үшін - 212,8 гектардан 681.гектарға дейін, қызанақ үшін- 336-дан 513 гектарға дейін.

Бағдарламадағы көрсетілген кейбір цифрларды көргенде күдік ұялайды. Онда облыс халқының картопқа деген сұранысы (513 мың адам есебімен алғанда) жылына 48,7 мың тоннаны құрайды деп көрсетілген, ал, облыста 11,2 мың тонна өндіріледі және облыстан тыс жерлерден 11,1 мың тонна әкелінеді. Орамжапырақ бойынша халықтың тұтынуы- 12,8 мың тонна, 4 мың тонна өндіріледі, әкелінетіні-2,5 мың тонна; сәбіз бойынша – тұтынуы 10,2 мың тонна, өндірілетіні- 6,6 мың, сырттан келетіні- 2,4 мың тонна; алма бойынша- тұтыну 12,8 мың тонна, өндірілетіні- 0,1 мың, әкелінетіні-8,5 мың тонна. Одан әрі бағдарлама жасаушылардың түсініксіз мәліметтері кетеді: пияз бойынша- тұтыну 0,2 мың тонна, өндіру-  6,1, әкелінетіні- 8,8 мың тонна (сонда бізде пияз бойынша  46% артық); қызанақ – тұтыну 2,6 мың тонна, 12,8, мың тонна өндірілсе, әкелінетіні- 0,9 мың тонна (тұтыну көлемінен 5 есе көп); қияр бойынша - тұтыну 2,6 мың тонна, өндіру- 7,1, әкелу- 0,2 мың тонна (тұтыну көлемінен 3 есе көп); қарбыз бойынша – тұтыну 5,1 мың тонна, өндіру- 5,4, әкелу- 0,8 мың тонна (21% артып кеткен). Нәтижесінде бағдарлама «тапшы» деген картоп, орамжапырақ, сәбіз және жеміс беретін өсімдіктерді, көкөністерді жыл бойына жылыжайларда тамшылатып суару жолымен өсіру арқылы өнімді арттыруды қарастырады.

Бағдарламада жиналған өнімді сақтау және өнім беретін көкөніс өнімдерін өңдеу үлесін арттыру жеке бір тармақта көрсетілген. Тамшылатып суару жылыжайларының алаңын 2,2 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Атырау және Махамбетте бюджет қаржысына әрқайсысы 15 гектар болатын 5 жылыжай салынантын болады, ал, Жылыой және Құрманғазы аудандарында 2 гектар болатын бір-бір жылыжай, Индер ауданында-алаңы 1 гектар бір жылыжай салынбақшы.

Қазір облыста 11,6 мың тоннаға есептелген типтік емес 21 көкөніс сақтау қоймасы бар.

Өткен жылдың аяғында бюджет қаржысына 5,1 мың тоннаға есептелген типтік көкөніс сақтау қоймасы салынды. Бағдарлама Атырау қаласында 13,4 мың тоннаға есептелген тағы бір типтік көкөніс сақтау қоймасының құрылысын, сондай-ақ, Жылыой және Құрманғазы аудандарында 5 мың тоннаға есептелген және 2 мың тонналық қоймаларды Махамбет, Индер, Қызылқоға аудандарында салуды қарастырады.

Өсімдік өнімдерін өңдейтін жұмыс істеп тұрған 4 типтік емес цех бар. Атырауда, Махамбет және Индер аудандарының орталықтарынан жылына 5 мың тонна өнім өңдейтін 3 типтік цех салынатын болады. Бағдарламаның бұл кезеңінің қаржылық көрінісі мынадай: жылыжайларға-450 млн. теңге, көкөніс қоймасына-  2352 млн. теңге, өңдеу цехына - 2922 млн. теңге бөлінді.

Міне, тағы да тексеруді қажет ететін цифрлар: облыс халқының етті тұтынуы (513 мың адам есебімен алғанда)- жылына  - 21,3 мың тонна. Облыс аумағында 23 мың тонна өндірілсе, сырттан-7,5 мың тоннадай әкелінеді. 80 пайыздан аса мал жеке аулаларда (бұл шындыққа жанасады), 17 пайызы шаруа қожалықтарында, қалғаны-ауылшаруашылық құрылымдарында. Сүт бойынша тұтыну көлемі- 92 мың тоннаны құрайды, облыста өндірілетіні- 53,9, сырттан әкелінетіні- 20,5 мың тонна.

Бағдарлама аясында мал үшін 6 жемдеу алаңдарының құрылысын салу жоспарланып отыр. Алаң үшін- 400 млн. теңге, 5 сүт-тауарлы фермаларға- 4,8 млрд. теңге, 3 құс фабрикасы үшін – 960 млн. теңге, 6 етті өңдеу цехына  – 900 млн. теңге, 5 сүтті өңдеу цехы үшін  – 370 млн. теңге бөлініп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.