Атырау, 23 қараша 23:24
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қан қысымын бақылауға алу керек

12 450 просмотра

ТШО-да әлеуметтік инвестициялау жөніндегі есептік жиналыс болып өтті.

«Үйреншікті қан қысымы» деген түсінік жоқ. Қалыпты қан қысымы бар. 140/90 өлшемінен жоғары қысым өмір үшін қауіпті. Тағы бір жайт. Атыраулық гипертониктер өз қан қысымдарын бақылауға алуды үйреніп, сол үшін сыйлыққа тонометр ала алады екен. Осы және басқа да танымдық жайттардан өткен жұма күні, 20 қаңтарда өткен ТШО-ның әлеуметтік инвестициялау жөніндегі есептік жиналысында хабардар болдық.

Миллиондар қайда кетіп жатыр?

«Теңізшевройл» жыл сайын миллиондай доллар бөлетін әлеуметтік жобалардың жұрт-шылықпен мақұлданбайтындығы белгілі. Жобаларды ТШО жанынан арнайы құрылған инвестициялық кеңес іріктейді, оның құрамына шетелдік компанияның түрлі бөлімдерінің өкілдері енген.

- Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда деген сөз бар ғой, - дейді өзін таныстырғысы келмеген облыстағы экологиялық ҮЕҰ-ның танымал өкілі грант ұтып алған өз әріптестерін ренжітіп алмас үшін. – Мен үшін қаржыны бөлу сызбасы түсініксіз. ТШО миллион доллар бөледі, бұл соманы компания толығымен «Евразия-Орталық Азия» қорына аударады. Бұл американдық-қазақстандық ҮЕҰ – осы жобаның өзінше «қосалқы мердігері». Сонда ақшалар Америкаға кетіп, сол жақтан бізге бес-алты жобаға 25-30 мың доллардай болатын тиын-тебен ғана бөлетін болғаны ғой.

Айта кетелік, миллион доллар шамамен алынып отырған цифр. Есептеулер жүргізіліп жатыр деп түсіндірген ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ нақты соманы атай алмады.

- ТШО-мен жасалған келісім бойынша жобаның бюджеті туралы деректер құпия боп табылады, - дейді тұрғылықты емес ұлт өкілдеріне арналған «Мен қазақша білемін!» деп аталатын жобаны осымен екінші жыл жүргізіп келе жатқан Зейнолла Қабдолов атындағы қордың директоры Бекет ҚАРАШИН. – Сондықтан егер мен сіздің сұрағыңызға жауап берсем, онда келісім-шарт бұзылған боп саналады. Алайда қоғам қызметкері ретінде мұндай жобаларда бәрі де ашық болуы керек деп есептеймін.

 

«Тілсіз жан алғышпен» жекпе-жек

Өткен жылы әлеуметтік инвестициялық бағдарлама аясында алты жоба жұмыс істеді. Олардың кейбірінің, мәселен, Ұлықбек ТІНӘЛИЕВТІҢ «Жетіс-тік жолында: әлеуметтік-осал топтағы жасөспірімдердің мүмкіндіктерін арттыру» және Бекет Қарашиннің «Мен қазақша білемін!» жобасының жетіс-тіктері туралы жазған едік. Ал «Әлеуметтік дамуға азаматтық қатысу», «Ақпараттық технология ғасырының ұрпағы», «Декоративтік-қолданбалы шеберханалар жасау және білім беру тренингтерін өткізу арқылы әйелдерді дамыту» секілді жобалардың нәтижелілігін қалай анықтауға болады?

Людмила АсташкинаМеніңше, Атырау облысындағы гипертонияны азайту жөніндегі жоба нақты қызығушылықты тудырады. Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығының павлодарлық филиалының  директоры Людмила АСТАШКИНА осы жобаның үйлестірушісі боп табылады.

- Сіз Атырау облысында бір жыл жұмыс жасаған болдыңыз ғой. Сіз туралы біз неге ештеңе естімегенбіз?

- Бәлкім, бұл БАҚ-тармен байланысты жолға қоймаған біздің қателігімізден шығар. Біздің жобамызды тағы бір жылға ұзартқандықтан бұл кемшіліктің орнын толтыруға мүмкіндігіміз бар.

- Неліктен жоба гипертония жөнінде болып отыр? Оның облыстың экологиялық проблемаларына байланысы қандай?

- Ешқандай экологиялық  байланысы жоқ. Мәселе мынада, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан науқастардың арасында өлім саны көбейіп кетті. Бұл дүниежүзілік проблема. Статистика бойынша 50 жылдан кейін адамдардың 60 пайызының жоғарғы қан қысымы болады.

- Облыста артериялық қан қысымын төмендетуге қатысты қандай жұмыстар жасадыңыз?

- Осы жобаның арқасында қалалық емханалар мен жедел жәрдем стансаларының 44 дәрігері қашықтықтан оқыту курстарынан өтті. Аптасына 3 рет арнайы жабдықталған кабинеттерде медиктер онлайн режимінде виртуалды науқастарға тексеру жүргізіп, сырқаттанудың қауіпті факторларын анықтауды, гипертониктерге диагноз қойып, емдеуді үйренді. Біз оларды егде адамдарды, жүкті әйелдерді, сондай-ақ қант диабетімен, бронх демікпесімен және басқа да кеселдермен ауыратын гипертониктерді дұрыс емдеуді оқыттық. Қаладағы және аудандағы 158 дәрігер Қазақ ұлттық медицина университетінің отбасылық медицина кафедрасының профессорлары мен доценттері өткізген үш күндік емханалық семинарлардан өтті.

- Науқасты қабылдау кезінде емхана дәрігері мін-детті түрде  не істеуі тиіс?

- Пациенттің шағымы болмаса да қан қысымын, сондай-ақ, әрбір диспансерлік науқастың дене массасының индексін өлшеу керек. Өйткені семіздік – ең қауіпті фактор. 18 жастан 30 жасқа дейін қан қысымын жылына бір рет, 30-дан 45 жасқа дейін жылына екі-үш рет, 50 жастан кейін – қан қысымы жоғары ма, жоқ па, оған қарамастан әр ай сайын өлшетіп тұру керек.

- Жергілікті дәрігерлердің біліктілігін қалай бағалайсыз?

- Атырауда көптеген емханаларда фельдшерлер жұмыс жасайды екен, соның салдарынан дәрігерлер жетіспейді. Мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отырмыз. Біздің курсымыздан өткенге дейін дәрігерлер кіріс тестілерін толтырды: көпшілігі 40 пайыз жинады, ал бұл өте әлсіз деңгейді білдіреді. Төрт қашықтықтан оқу курстарын (бұл 50 сағат) аяқтағаннан кейін көпшілігі өз білімдерін екі есе көтерді.

- «Гипертониктерге арналған мектеп» туралы айтсаңыз. Бұл туралы көп адам білмеген сияқты...

- «Гипертониктерге арналған мектеп» бізде 2-ші қалалық емхана мен Исатай ауданының орталық емханасының жанында болды. Диспансерлік науқастарға арналған сабақ аптасына екі рет жүргізілді. Біз оларды қан қысымын өлшеуге, өмір салтымен, тамақтанумен және үнемі көтеріліп отыратын қан қысымымен байланыс жасауды үйреттік. Курстан өткеннен кейін гипертониктерге сыйлыққа тонометр берілді. Өткен жылы біздің мектепке бар болғаны 11 қала науқастары келді. 2-ші емханада бізге кішкентай кабинет бөлінгендіктен, оған көп адам жинай алмадық. Биыл өз жобамызды жалғастырамыз. Ақпан айынан бастап «гипертониктерге арналған мектеп» «Алмагүл» ықшамауданындағы 7-ші емханада ашылатын болады. Ол емхананың бас дәрігері бізге үлкен кабинет бөлуге уәде берді.

- Гипертониктердің көпшілігі үйреншікті қан қысымы («рабочее давление») жөнінде айтып жүр. Ал іс жүзінде ол қандай болуы тиіс?

- Үйреншікті қан қысымы деген түсінік жоқ. Қалыпты қан қысымы деген бар. Ал 140/90 мөлшерінен асқан қысымның барлығы өмір үшін қауіпті. Егер дәрігерлер қан қысымын төмендетсе, онда оңтайлы деңгейге дейін төмендетеді; әр науқастың өз деңгейі болады.

- Кейбіреулер жоғарғы қан қысымымен қиындықсыз өмір сүріп жүр және оны төмендету қажет деп есептемейді.

- Шынымен де, қан қысымы 200 болған адам ешқандай бас ауруын сезінбей, кроссқа қатысып, шой балғамен жұмыс істей алады. Артериялық гипертония кезінде ешқандай белгілер байқалмайды, мұның қаупі осында. Сондықтан оны «тілсіз жан алғыш» деп атайды. Жоғарғы қан қысымын емдеуге болмайды – оны бақылауға алуды және оңтайлы деңгейге дейін түсіруді үйрену қажет.

 - Қан қысымының күрт көтерілуінің алдын алу үшін қандай кеңес бересіз?

- Өмір салтын өзгерту керек. Көбірек жаяу жүріп, майлы тағамды аз жеу керек. 50 жастан кейін жас ет жеуден тартынған жөн. Шылым шегуден бас тарту керек. Темекі тамырларға зиян келтіреді, ол созылғыштығын жоғалтып, күйрек боп кетеді. Бастысы – таблетканы нашар сезінген кезде емес, күн сайын ішіп тұру керек. Дәрі сол тәуліктегі артериялық қан қысымын күрт көтерілуден қорғайды.

- Облыстық аурухана «инсульт» деген диагноз қойылған науқастарға толы. Олардың ішінде 20-30 жастағы жандарды да кездестіруге болады. Инсульттың «жасару» себебі қандай?

- Мәселе мынада, біздің өмірімізде стресстер көбейіп кеткен. Көбінесе олармен күресе алмау адамды 25 жаста да инсультқа шалдығуға әкеледі. Исатай ауданында, мәселен, жұмыссыздар өте көп. Адам үшін жұмысын жоғалту – басты күйзеліс. Бізге зейнеткерлік жасқа шығуға 2-3 жылдары қалған, ал өздері жұмыстан босаған науқастар келді. Ауылдардағы жағдай өте қиын, ол жерде жасайтын жұмыс жоқ. Ер адамдар негізінен вахтамен  жұмыс істейді. 15 күн жұмыс істеп, 15 күн ішімдікке салынады. Бізге асқазанның ойық жарасы, қан қысымы бар және инфарктіге шалдыққан 50 жастағы ер адам келді. Біз оларға, өмір салтын өзгертіңдер, арақ ішуді, темекі шегуді доғарыңдар дейміз. Ер адам үшін 50 жас деген не? Адам өзінің өмірін өзгерткісі келе ме, жоқ па - бұл адамның өз таңдауы деп есептеймін. Жалпы кез-келген сырқат адамды: «мен нені дұрыс істемедім?» деп ойлануға мәжбүр етуі тиіс. Өйткені біз бүкіл қаланы оқыта алмаймыз ғой.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Владимир ИСТОМИН

25 қаңтар 2012, 23:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.