Атырау, 23 қараша 22:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жетім қозы тас бауыр, маңырар да отығар

6 537 просмотра

Елена Ерімбетова баласы СашаменЕрімбетовтер отбасына  заңсыз сатылған пәтері қайтарыла ма?

Біздің мақалаларымыздың кейіпкерлері-ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетімдер мен балалар. Әдетте, олардың маңдайына жазылған тағдырдың ауыр сыйы дүние есігін ашқаннан іздеріне түсіп, ержеткеннен  қарттық шаққа жеткенше сүйретпедей ілесіп қалмайды.  «Менің соңғы үмітім – сіздер», дейді өз басындағы ауыр күндерін тездетіп ақтарып салуға асыққан интернат түлегі, сөйтеді де өзінің ішкі толғанысын жасыруға тырысады: өйткені ол оның ешкімге де керегі жоғын баяғыда-ақ түсінген.

 

«Оларды сау күйінде сирек көретінбіз»

Елена ЕРІМБЕТОВА өз балалық шағын  сұлықсыз еске алады: болды, құдайға шүкір, өтті де кетті. Олардың отбасында ас үйден анасының шыжығының иісі шығып көрген емес. Ол әкесі туралы мейірбандықпен еске алды: иә, ондай адам болды, оның сау кезін тек кезекті 15 тәуліктік қамаудан шыққаннан соң ғана көретін.

Лена, Игорь, Света, Саша және Вова жұмыссыз маскүнемдердің отбасында өмірге келді. Айнала лас, босаған шөлмектер, қолқаны үнемі тұншықтырып тұратын арақтың иісі, жартылай аш құрсақ өмір – міне, балалық шақ деген сөзді естігенде оның ойына оралатын осылар ғана. Елена иығын қиқаң еткізіп қана: «Біз отбасында бұдан басқаша болатынын білген жоқпыз, біз үшін бұл қалыпты жағдай болды. Кейде біз мектепке барып тұратынбыз».

1996 жылы, Ленаның жасы тоғызға толғанда Ерімбетовтердің үйіне полицейлер мен әлеуметтік қызметкерлерден және бір-екі көршісінен құралған үлкен бір делегация келді.

«Біз олардан қорыққанымыз жоқ, өйткені біздерге кейде форма киген адамдар келіп тұратын, дейді ол. – Көршілері олардың әкесі мен шешесінің араққа тойған достарын тыныштандыру үшін жиі-жиі полицейлерді шақыртып тұратын. Полицейлер біздің киінуімізді сұрады, яғни, біздерді әлдебіреулерге қонақтап кеткен әке-шешемізге апармақ болды. Біз үшін бұл күтпеген жағдай еді. УАЗИК-ке отырған кезде мен үйдің бұрышынан қарап тұрған інімді көріп қалдым. Жүргізуші болса, оған кәмпит бергені сол, ол көлікке еш қарсылықсыз мініп алды. Біз №1 Сабыр Қазыбаев атындағы мектеп-интернатқа осылайша тап болдық. Кейінірек анамызды ата-аналық құқығынан айырғанын естідік».

 

Балалар далада қалды

- 2001 жылдың жазында жасым 14-ке толған кезде, бізге ата-анамыз келді,-деп жалғастырады әңгімесін Лена. – Тәттіге толған сыйлықтары бар. Анамның аяғында су жаңа етік, әкем болса тап-таза, қырынған. «Шынымен де жұмысқа орналастыңдар ма?»,- деп сұрадым мен анамнан.

Гүлнәр ЕРІМБЕТОВА қызының сұрағына жауап берген жоқ. Лена сәл кейінірек ақшаның екі бөлмелі пәтерді сатудан түскенін білді. Көп жылдан соң белгісіз бір сырқаттан көз жұмғалы жатқан Гүлнәр сандырақтап мына бір адам сенгісіз оқиғаны айтып берді. Учаскелік инспектор үйге шолақ мылтық пен есірткі тастаймын деп қорқытып, оларды пәтерлерін сатуға көндірген. «Өзбектің тор-тор сөмкесіне» шамалы ғана керек-жарақтарын салған олар Строительный көшесіндегі балықшылық бір кептерханаға қоныс аударып алған. Ақыры ақша таусылып, Ерімбетовтердегі мүліктен қалғаны тек шеті жұлым болған екі қызыл төлқұжат пен бір-біріне деген шексіз бауырмалдық қана еді. Жо, жоқ,  тағы балалар бар екен ғой...

Осыдан бес жыл бұрын алдымен Елена, одан соң оның інілері мен сіңлілері бірінен соң бірі интернат түлектері атанды. №3 КТЛ оларға мамандық берді: қыздар шаштараз болса, ұлдар – құрылысшы мамандығын игерді.

Оқуларын аяқтап, үлкен өмірге аяқ басқан жасөспірімдерді жатақханадан көшеге түкке тұрғысыз 33 мың теңге көлеміндегі мектеп бітірушілерге берілетін бір жолғы жәрдемақымен шығарып тастаған кезде пәтерлік мәселе олар үшін «Дамокл семсеріндей» болды. Отбасы саяжайдың қожайынына бақшаға көмектесуші ретінде сонда орналасты. Олар өздерінің бейбақ ата-аналарын ұмытып кеткен жоқ, сол баяғы кептерханадан іздеп тауып, өздерінің қасына алды. Олар сол саяжайда  көп ұзамай көз жұмды.

Бірнеше жыл саяжайдан саяжайға, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген Ерімбетовтерді ата-аналары қайтыс болғаннан кейін мирасқорлық құқығы бойынша өздеріне тиесілі шаршы метрлерінде бөтен бір адамдардың тұрып жатқандығы туралы ой мазалауын тоқтатпады.

 

Бастысы - әділдіктің салтанат құруы

Елена Ерімбетова өзінің бұрынғы баспанасы бойынша прокуратураға шағымданды. Бақылаушы орган өз кезегінде сотқа талап арыз берді. Істің мән-жайын жете ұғынған судья оны қарамады. Осынау қараңғы түнектен шығар үміт сәулесі үзілгендей болды. Біз түсінік алу үшін қамқоршы органдарға жолықтық.

- Әдетте, мұндай жағдайларда балалар өз ата-аналарының қандай да бір жылжымайтын мүлкі болған болса, онда олар өздерінің ата-аналық құқығынан айырылды ма, жоқ па, соған қарамастан, мирасқорлыққа алуға құқылы,- дейді қалалық білім беру бөлімінің балалар құқығын қорғау жөніндегі бас маманы Гүлдана ТҮСЕПҚАЛИЕВА. – Балалар интернатқа түскеннен соң пәтерді сақтауға немесе біздің тілімізше айтқанда «қамауға алу» тиіс еді. Балалардың жасы кәмелетке жеткенде олар сол пәтердің меншік иелері болуға тиісті. Менің ойымша, бұл жерде интернат басшыларының кінәсі бар, өйткені олар балалар келген күннен бастап, олардың мүддесін қорғаушы қамқоршы болып табылады. Біздің міндетіміз – тек бақылауға алу ғана.

Ал сол бақылауға нені аласыздар, балалардың құқығы немесе мекеме қызметі не болмаса басқа да жағдайлар  қорғалып жатыр ма? - деген сауалыма ұтымды жауапты мен ала алмадым.

- Интернаттың бұрынғы бастығы зейнеткерлікке шығып кетті және бұрынғы басшылық үшін біз жауап бере алмаймыз, - деп маған №1 С.Қазыбаев атындағы облыстық мектеп-интернаттың әлеуметтік педагогы Айсұлу ҚАДЫРЖАНОВА бірден ескертті. Одан әрі әңгімесін жалғастырып, ол былай деді: - Іс жүзінде балалар қалай бұл мекеменің табалдырығын аттайды, сол күннен бастап олардың құқығын қорғайтын механизм автоматты түрде іске қосылады. Интернат пәтердің қамауға алынғандығы туралы қамқоршы органдарға хабарлауға тиісті. Енді біз өкінішке қарай, Елена Ерімбетоваға көмектесе алмаймыз. Мекеменің мұрағатында тек бұл балаларды интернатқа алу жөніндегі бұйрық қана сақталған.

- Кінә негізінен интернаттың бұрынғы басшылығында болып отыр, -деп есептейді Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі Есболат ЕДІЛБАЕВ және ол мәселенің кейбір тұстарына түсінік бере кетті: Гүлнәр Ерімбетова неге екені белгісіз өз уақытында балаларды тұрғын үйді жекешелендіру туралы келісім-шартқа енгізбеген. Сол сәтте аналарының ата-аналық құқығынан айырылуына байланысты бұл мәселені интернат қолға алуы тиіс еді. Алайда, басшылық бұған қатысты ешқандай шара алмаған.

Осы іске қатысты қалалық прокуратура жеке наразылық енгізді, бүгінгі күні ол облыстық соттың қарауында.

-Менің ойымша, бұл істе біз жеңіп шығамыз,- деп мәлімдейді Е.Еділбаев сеніммен. – Сот ақпан айында болады, егер бәрі жақсы болса, отбасын жекешелендіру туралы келісім-шартқа енгізеді. Біз заңсыз сатылған пәтерді сатып алушыларды анықтау мүмкіндігіне қол жеткіздік. Пәтердің қазіргі тұрғындары, әрине, пәтерден шығарылады, бұл жерде оларды да түсінуге болады, өйткені олар пәтерді толық заңды негізде сатып алды ғой. Шығынды сатушылар өтейтін болады, ал, оларға оны сатқандар өтеуге тиісті. Ал, бұл тіптен басқа оқиға. Бастысы - әділдікке қол жеткізу.

Редакция Ерімбетовтер отбасының тағдырын  көз қырына алатын болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Владимир ИСТОМИН

25 қаңтар 2012, 23:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.