Атырау, 28 қараша 06:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жаңа ықшамаудан көшелеріне атаулар беріледі-2

3 081 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет.

Маусымда біз жаңа ықшамаудандардағы «нөмірлі» көшелердің тізімін жариялаған едік. Онда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында нақты адамдардың, негізінен соғыс және еңбек ардагерлерінің есімдері ұсынылған болатын.

Жақында өткен кезекті тұрақты комиссия отырысында бұл тізім кеңейтілді. Сонымен қатар, келесі көшелер де жаңа атаулар алуы тиіс: Жилгородок, №1 өткел – Владимир Гафнер, «Ардагер» ықшамауданы, №8 көше – Қабдол Құлтасов, Нұрсая ықшамауданы, №4 көше – Рахим Көшембаев, №5 көше – ағайынды Ғабдуллиндер, №14 көше – Адгам Каримов, Мұнайшы ықшамауданы, №3 көше – Қайым Мұхамедханов, №4 көше - Әбдірашит Сыдыханов, №5 көше – Ізтұрған Сариев; Самал ықшамауданы, №15 көше – Өтеп Қарымбаев; СМП-163 ықшамауданы, №1 көше – Қабыланбай батыр, №2 көше – Өтеген Мырзалиев.

Балықшы поселкесінде атаулары қаланың басқа бөліктерінде қайталанатын бірнеше көшелер бар. Сондықтан Бауыржан Момышұлы көшесін Шамсутдин Сәрсенов, Абай Құнанбаев көшесін Қара бура әулие, Көкарнаны Әндіжан деп қайта атау ұсынылды.

Өзгерген атаулар қалалық мәслихаттың сессиясында бекітілуі тиіс.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 қараша 2016, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.